Мырзағалиев азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

15 Шілде 2021, 10:20
1836
Бөлісу:
Мырзағалиев азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында су ресурстарын басқарудың өзекті мәселелері талқыланды.
Біздің алдымызда 2030 жылы қосымша жер үсті су ресурстарын ұлғайту, жаңа ирригациялық жүйелер салу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, су саласын цифрландыру, суды үнемдеу және т.б. арқылы су теңгерімін 90-100 кмᶟ деңгейінде сақтау міндеті тұр. Бүгінде өзен бассейндерінің талдауы бойынша Қазақстан судың төменгі циклінде тұр, - деді министр.
Мағзұм Мырзағалиев ирригациялық жүйені және суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысы туралы айтты.

2019-2020 жылдары 1734 км канал жөнделді. 111,5 мың га суармалы жер айналымға енгізілді. Бұл қосымша 22,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Биыл 1050 км суару желісін қайта құру жоспарланған. 15 маусымдағы жағдай бойынша оның 540 км орындалды. Бұл көлемі 78 мың га га суармалы жерлерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Министр вегетациялық кезеңнің өту мәселесіне де тоқталды. Мәселен, бүгінгі күні Қырғызстанмен Тоқтоғұл су қоймасынан Сырдария өзенінің арнасына маусым-тамыз айларында 330 млн.м3 су көлемінде қосымша су жіберу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Өзбекстан тарапымен осы су көлемінің олардың аумағы арқылы кедергісіз транзиті туралы келісімге келді.

2020 жылдың желтоқсан айына Экология министрлігі Қазақстанның су аз циклде екенін хабарлады. 2021 жылдың ақпан-наурызында фермерлерді су мәселесі жайында хабардар ету үшін өңірлерге барды. Суды көп қажет ететін дақылдарды азайту және төмен су жағдайында өсімдіктерге өсіру ұсынылды.

Сондай-ақ, министр кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды. Су шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін биыл екі орталық ашылды. Біреуі СҚО - да, екіншісі Алматыда - ҚазҰАУ жанындағы «Water Hub» су проблемасы және мелиорация халықаралық орталығы. 2021 жылы барлығы 800 адамды оқыту жоспарланып отыр. 15 адамнан тұратын жастар кадрлық резерві құрылды.

Өкінішке қарай, бұл саладағы көптеген маман кетіп қалды. Қазір саланы кадрлармен қамтамасыз ету үшін біздің бастамамыз бойынша 2020 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан су шаруашылығы институты ашылды, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Өзгелердің жаңалығы