ҚТЖ филиалдарының бірінің департамент басшысы ұсталды

15 Шілде 2021, 13:30
2968
Бөлісу:
ҚТЖ филиалдарының бірінің департамент басшысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша «ҚТЖ» «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Жол және құрылыстар департаментінің директорын ұстады. Ол ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін аумақтық бөлімшелердің басшыларынан ақшалай қаражат алған, - делінген хабарламада.

Барлығы 5 млн теңгеден астам қаражат алынды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы