Шығысқазақстандық агрономдар дақылдың жаңа түрін өсіріп жатыр

15 Шілде 2021, 13:20
2259
Бөлісу:
Шығысқазақстандық агрономдар дақылдың жаңа түрін өсіріп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде осы бағытта жұмыс істеп жатқан шығысқазақстандық агроном-ғалымдар бидай мен қарабидайдың бірнеше қыстық сұрпын саралап алды.

Қысы қытымыр келетін Шығыстың диқандары дәнді-дақылды ерте орып алудың бірнеше түрін біледі. Соның бірі -дақылды жер астында қыстатып, жаз ортасына қарай қамбаға түсіру. Ол үшін климаттық белдеуге сай келетін дақыл тұқымын алу қажет. Алтайдың ауа райына төзімді дақыл түрін зертханалық жолмен алып жатқан шаруашылықтың бірі – Өскеменнің іргесінде орналасқан Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы. Қазіргі уақытта мұндағы агроном ғалымдар қыста қар астында қыстайтын бидайдың «Алтай 1» және қарабидайдың «Өскемен» сияқты сорттарын тәжірибеден өткізуде. Бүгінде «Алтай 1» қыстық жұмсақ бидай сортының сұрыпталуына атсалысып, авторлық жасап жүрген жетекші ғылыми қызметкер Нұрбек Мұқановтың айтуынша, 2021 жылы бұл дақыл түрі мемлекеттік дақыл сараптамасына берілген екен.

Бидайдың бұл түрі белсенді өсетін дақыл типіне жатады,– Түсімділігі жоғары жылдары әр гектарынан 70 центнерге дейін бидай орылып алуы мүмкін. Дәннің желімшесі жоғары әрі түрлі ауруларға төзімді болып келеді. Қазіргі уақытта облыс аумағында қыстық дақылдар көп егілмейді. Бұл дақылдың бір ерекшелігі қыс жайлы болған жылдары олар жаздық дақылдарға қарағанда екі-үш есе көп түсім бере алады. Сол себепті қыстық дақылдардың стратегиялық маңызы өте жоғары, – дейді Нұрбек Мұқанов.
Шығысқазақстандық агрономдар дақылдың жаңа түрін өсіріп жатыр

Дақылдардың белгілі бір жылдар аралығында өзгертіліп отыруы өте қажет екенін алға тартқан ғылыми қызметкер, бұған дейін өсіріліп келген «Булава» сортын жаңадан өсірілген «Алтай 1» сортының алмастыратынына сенімді. Ең басты көрсеткіш дақылдың түсімі емес, оның қысты қалай өткізетіні екенін айтқан ол өз өніміміздің қазірде шаруалардың көрші Ресейден әкелетін тұқымдардан кем түспейтінін тілге тиек етті.

Жалпы, «Алтай 1» де бидайдың «Булава» сортының бірнеше мың сортының біреуінен сұрыптау арқылы алынған. Қыстауы Булавамен бірдей, ал түсімі әлдеқайда көп. Биылғы жылы ол мемлекеттік дақыл сортын сынауға берілді. Күзде олар дақылды отырғызып тәжірибеде сынап көреді. Барлығы жақсы болса, келесі жылдан бастап біз бұл бидайдың тұқымын тарата бастаймыз. Қазіргі уақытта 10 гектар алқапта отырғызылған бұл сорт 305-320 күнде толық вегетациядан өтеді. Яғни, енді 20-25 күннен кейін оруды бастап кетеміз, – дейді Нұрбек Мұқанов.
Шығысқазақстандық агрономдар дақылдың жаңа түрін өсіріп жатыр

Бұдан бөлек, бүгінде аталмыш тәжірибе станциясының ғылыми қызметкерлері қыстық қарабидайдың «Өскемен» сортын өсіруді де қолға алған. Өсімі жартылай белсенді болып келетін бұл дақыл қысқа және желді ауа райына өте төзімді. Түсімі гектарына 50 центнерге дейін жететін қарабидай сорты Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының таулы-алқапты жерлерінде егуге өте қолайлы. Сондай-ақ, қазірде мемлекеттік дақыл сұрпын сынаудан өтіп жатқан жаздық бидайдың «Достық 1» сорты да аталмыш Тәжірибе станциясының төл туындыларының бірі болып келеді.

Бұл сорт та өзінің жаздық жұмсақ бидайларға тән ауруларға төзімді екенін көрсетті. Авторы Нұрлан Тоқтаров болып келеді. Дәнінің сапасы өте жоғары, тыңайтқыштар мен ылғалға шыдамды. Жауын-шашын көп болған жылдары түсімі гектарына 50 центнерден жоғары болуы әбден мүмкін. Ал авторы Виктор Суховецкий болып келетін қыстық қарабидайдың «Өскемен 1» сортына келер болсақ, биылғы жылы бұл дақыл түрі аудандастырылып, ол бойынша тұқым көбейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл дақылдың бір ерекшелігі – гүл жару кезі жылдың құрғақ мезгіліне дөп келсе де ол өзін-өзі ұрықтандыра алатын қасиеті бар, – дейді Нұрбек Мұқанов.
Шығысқазақстандық агрономдар дақылдың жаңа түрін өсіріп жатыр

Биылғы қыс мезгілінде жер қабаты бір метрге дейін қатып, ылғал сақталды. Көктем жауын-шашынсыз болғанымен, жаз маусымы ылғалды болды. Осы себепті, мамандардың айтуынша, қыстық дақылдардың түсімі үстіміздегі жылы жаман болмайтын сыңайлы.

Топырақ қабаты құнарлы болып келетін аудандардағы жаздық егістің түсімі жаман болмайды деп ойлаймын. Өйткені, соңғы күндері орын алған мол жауын-шашын шаруалардың көңілдеріндегі күдікті сейілтті. Ыстықтың беті біраз қайтып, дақылдың сабағы мен тамырының күйіп кетуінің алдын алды, – деп қосты Нұрлан Мұқанов. 


Өзгелердің жаңалығы