БҒМ: Талапкерлер назарына!

15 Шілде 2021, 21:07
3255
Бөлісу:
БҒМ: Талапкерлер назарына!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі талапкерлерге оқу грантына құжат тапсыру кезінде денсаулық жағдайы туралы анықтама талап етілмейтінін ескертеді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір медициналық анықтама алуға ниет білдірушілер санының артуына байланысты, білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде талапкерлерден денсаулық жағдайы туралы анықтама талап етілмейтінін естеріңізге саламыз. Медициналық анықтама тамыз айында университетке қабылдау кезінде ғана қажет. Яғни, болашақ студенттердің денсаулық жағдайы туралы анықтама алуына әлі уақыт бар. Пандемия кезінде өзіңізді және денсаулығыңызды қорғау өте маңызды - делінген министрлік ескертпесінде.

Осыған дейін 16 шілдеден бастап елімізде мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлаған болатынбыз. Қабылдау онлайн форматта жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы