ҚМДБ биыл Құрбан айт намазы қалай оқылатынын мәлімдеді

15 Шілде 2021, 15:57
3047
Бөлісу:
ҚМДБ биыл Құрбан айт намазы қалай оқылатынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин жағдайында айт намазының оқылуы туралы мәлімдеді. Бас мүфтидің айтуынша, 20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

Барлық ниет еткен жандар 20 шілде сағат 08:00-дан бастап «сары», «жасыл» аймақтағы өңірлерде алдын ала жазылған тұлғалар белгіленген уақытта бекітілген арнайы орынға барып офлайн форматта құрбан шалады.

Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Құрбан айт намазы 20 шілдеде таңғы сағат 07.00-де қатаң санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтағы мешіттердің аумағындағы ашық ауада 10 минут оқылады, - деді бас мүфти.

Дегенмен, «қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Ислам дінінде зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер саналады. Ал һижри жыл санауы бойынша 1442 жылдың зұлхижжа айы 11 шілде күні басталды. Ал арапа күні 19 шілдеге сәйкес келеді.

Қазақстан халқы Құрбан айт мекерекесінің бірінші күні 20 шілдеде ресми демалады.

Бұған дейін бас мүфти биыл құрбандық шалу былтырғыдай онлайн түрде өтетінін, сондай-ақ бүгін құрбан шалуға арналған арнайы сайт іске қосылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы