Токио Олимпиадасына Алматыдан қанша спортшы баратыны белгілі болды

15 Шілде 2021, 18:20
2981
Бөлісу:
Токио Олимпиадасына Алматыдан қанша спортшы баратыны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Олимпиада ойындарына баратын спортшыларға ақ жол тіледі.


Қала әкімі twitter-дегі парақшасына Токиода өтетін Олимпиада ойындарына Алматыдан 13 спортшы баратынын жазып, оларға сәттілік тіледі.


Алматының 13 спортшысы Токиода өтетін Олимпиадада спорттың алты түрінен Қазақстанның намысын қорғайды. Олар жүзу, спорттық гимнастика, су добы және ең алғаш рет құзға өрмелеу бар. Сондай-ақ екі спортшы Паралимпиадада өнер көрсетеді. Баршаңызға сәттілік, шыдам мен жеңіс тілеймін! - деп жазды Сағынтаев.


«Токио - 2020» Олимпиада ойындары осы жылдың 23 шілдесінен 8 тамызға дейін Жапонияда өтеді. Алматы қаласының 13 спортшысы Олимпиада ойындарына қатысу үшін спорттың 6 түрі бойынша 13 лицензияны жеңіп алды: жүзу (100 м, 200 м) – Дмитрий Баландин; спорттық шыңға шығу – Ришат Хайбуллин; спорттық гимнастика – Милад Карими (7 лицензия); су полосының командасы; жеңіл атлетика – Кристина Овчинникова; стенділік ату – Әсем Орынбай. Елдегі лицензиялардың жалпы саны – 96, ал спортшылар саны – 95.

Сонымен қатар 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода Паралимпиада ойындары өтеді. Алматыдан 2 спортшы 2 лицензия жеңіп алды: паратаэквондо – Камиля Досмалова, парапауэрлифтинг – Алина Солодухина. 

Елдегі лицензиялардың жалпы саны – 23.

Өзгелердің жаңалығы