Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды

15 Шілде 2021, 23:02
3909
Бөлісу:
Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды
Фото: автордан

Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкентте Орталық Азия халықаралық институтының ашылу салтанаты өтті. Мекеме өңірлік өзара іс-қимыл перспективаларын сараптамалық талқылау алаңына айналады.

Аталған іс-шара «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы аясында ұйымдастырылды. Айта кетейік, институт Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен құрылған.

Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды

Институттың ашылуына Өзбекстан Республикасы Олий Мәжіліс Сенатының төрағасы Т. Нарбаева, БҰҰ Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Н. Герман, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Қырғыз Республикасының Қаржы министрі А. Жапаров, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Р. Мередов, Тәжікстанның Сыртқы істер министрі С. Мухриддин, Өзбекстанның СІМ министрі А. Камилов, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшілері қатысты.

Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды

Салтанатты іс-шарада Олий Мәжіліс Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева ел президенті Шавкат Мирзиеевтің құттықтауын оқып берді.

Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды

Институтты құру өмірге, өңірлік даму шындығы мен тарихи сәтіміздің арқасында сұранысқа ие. Бұл Өзбекстанның аймақтық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған сыртқы саяси бағытты жалғастыруға деген ниетінің тағы бір дәлелі. Қысқа мерзім ішінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саяси ерік-жігері мен бірлескен күш-жігерінің арқасында қарым-қатынастарға мүлдем жаңа қарқын, ашық әрі сындарлы сипат бере отырып, өңірдегі ахуалды түбегейлі өзгертуге қол жеткізілді, - делінген Мирзиеевтің құттықтау хатында.

Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды

Оның сөзінше, Орталық Азия халықаралық институтының қызметі - ең алдымен көршілес мемлекеттердің шетелдік талдау және академиялық мекемелерімен ғылыми байланыстарын дамыту. Сондай-ақ біздің елдеріміз бен халықтарымыздың бейбітшілігі мен өркендеуін қамтамасыз ету үшін өңірлік әріптестікті нығайту жөнінде нақты ұсыныстар мен жобалар әзірлеуге ықпал ететіні сөзсіз.

Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды

Орталық Азия халықаралық институты бірегей ғылыми-зерттеу орталығын «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференция аясында ашып отырмыз. Бұл екі оқиға – Өзбекстанның тығыз өңірлік және өңіраралық байланыстарды жан-жақты ілгерілетуге, кооперацияны күшейтуге, көпжоспарлы ынтымақтастық географиясын кеңейтуге және оның жаңа, неғұрлым перспективалы нысандарын әзірлеуге дайындығының көрнекі дәлелі, - деп Өзбекстан президенті институттың ашылуымен құттықтады.

Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды

Сонымен қатар салтанатты шара барысында БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Наталья Герман маңызды өңірлік бастамаларды, сондай-ақ Орталық Азияның барлық мемлекетінің өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі күш-жігерін қолдауды жалғастыруға дайындығын атап өтті.

Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды

Ал Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Орталық Азия халықаралық институтын құру халықаралық қатынастарды дамытудағы маңызды үрдіс – өңірлік саяси және экономикалық процестер маңыздылығының артуын көрсететінін атап өтті. 

Айтуынша, бұл үрдіс әсіресе Орталық Азияда айқын байқалады. Салтанатты іс-шараның соңында қонақтар ғимаратты аралап, жұмысымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы