Жер мен мүлік салығы бірге төленеді – Кірістер комитеті

15 Шілде 2021, 18:05
1896
Бөлісу:
Жер мен мүлік салығы бірге төленеді – Кірістер комитеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер мен мүлік бір мүлік салығына біріктірілді. Енді үй мен жер үшін мүлік салығы сияқты бірыңғай сома төленуі керек, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Алдағы төлемдерді есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Мемлекеттік жер кадастры» АЖ және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Жылжымайтын мүлік ригистрі" мемлекеттік деректер қоры АЖ деректері пайдаланылды.

2020 жылға есептелген мүлік салығы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 1 қазанына дейін «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылатын болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды МКК «E-Salyq-Azamat» тегін мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.

Мобильді қосымшаға кіру үшін, Сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында, Сіздің ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) Сіздің ЖСН-де тіркелуі қажет.

Жеке тұлғаларға дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен алдағы салық сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін білуге мүмкіндік берілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанына аяқталады.

МКК порталында, «электронды үкімет» (egov. kz) порталында алдағы төлемдерді көруден басқа, банктердің мобильді қосымшаларында деректерді алу мүмкіндігі іске асырылды (Kaspi kz, Homebank).

Бұл ретте МКК мобильді және банк қосымшаларының алдағы төлемдер сервисінде есептелген мүлік салығының сомасы дербес шоттағы бар төлемді (артық төлемді) ескере отырып көрсетіледі.

Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша алдағы төлемдердің сомасы салық берешегі болып табылмайды, осыған байланысты бұл сома МКК мобильді қосымшасының «Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін салықтық берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» сервисінде көрсетілмейді.

Жеке тұлғалар салықты басқа тәсілдермен төлей алады: екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелеріндегі төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен.

 


Өзгелердің жаңалығы