Елордада карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы шықты

15 Шілде 2021, 05:40
1321
Бөлісу:
Елордада карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Қаулы 17 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына келесі талаптарды қатаң сақтау жалғастырылады: «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;

Қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, кинотеатрларға, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотерея ұтыс ойыны, балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), оның ішінде мұзды және роликті сырғанақтарға бармау;

«Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Сондай-ақ міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беріледі.

Одан бөлек келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғасын табады: 1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; 2) спа-орталықтары; 3) сауналар, бассейндер; 4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтары (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда); 5) боулинг клубтары; 6) кинотеатрлар; 7) театрлар мен филармониялар; 8) асхана үлгісіндегі стрит-фуд объектілерін қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары; 9) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; 10) бильярд клубтары; 11) концерт залдары; 12) ерікті қатысушылар. 13) караоке; 14) көрмелер; 15) океанариум; 16) марафондар; 17) көрермендермен спорттық іс-шаралар. 18) лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері; 19) балалар ойын-сауық орталықтары (жабық); 20) цирктер; 21) қонақ үйлер, отелдер.

Сондай-ақ, қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес жүреді, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады.

Жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен қамтамасыз ететін «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық көлік объектілерін қоспағанда, қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысына тыйым салынады.

Сондай-ақ діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс күндері күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, оның ішінде ашық ауада мешіттер, православие шіркеулері және басқа діни объектілер аумағында бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге, сондай-ақ 30-дан аспайтын адамның қатысуымен еске алуды өткізуді қоса алғанда «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру, сенбі және жексенбі күндері осы пунктте көрсетілген барлық объектілердің жұмысына тыйым салу;

Сот отырыстарын оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда №68 ҚР БМСДҚ-ның қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып өткізуді қоспағанда, кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге тыйым салу;

ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

«Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру; Онлайн режимінде көрсетілмейтін қызмет бөлігіндегі ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру – жаңа қаулы талабы.

Өзгелердің жаңалығы