Ресейде жасөспірімдерді вакцинациялау қыркүйекте басталады

15 Шілде 2021, 00:39
2271
Бөлісу:
Ресейде жасөспірімдерді вакцинациялау қыркүйекте басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде жасөспірімдерге коронавирустық вакцинация 20 қыркүйекке дейін басталады, деп хабарлайды nege.kz.

Бұл туралы Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай шешім балалар арасында аурудың күрделене түсу жағдайларының жиілеуіне байланысты қабылданған.

Айта кетейік, қазір Мәскеуде жасөспірімдерге «Sputnik V» вакцинасын қолдану туралы зерттеу жүргізіліп жатыр. Оған жүзге жуық бала қатысуда.

Кейбір елдерде мамыр айының соңында 12 жастан бастап балаларға Pfizer және BioNTech вакциналарын қолдануға рұқсат етілген болатын. 1 маусымнан бастап Италия мен Румынияда жасөспірімдерді иммундау басталды. 


Өзгелердің жаңалығы