Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір бала ауруханада жатыр, жағдайы ауыр.
Соққы кезінде баланың оң жақ өкпесі, диафрагма, көкбауыр және бүйрегіне зақым келген. Операция өте ауыр болды, бүйрегін алып тастауға тура келді. Қазір оның жағдайы ауыр, - дейді хирург Серік Бекқабылов.
Естеріңізге сала кетейік, 11 шілде күні Алматы облысы Космос ауылында 53 жастағы ер адам тонау кезінде зейнеткерді өлтіріп, әжесін құтқаруға тырысқан немересін пышақпен жарақаттап кеткен болатын.
Қылмыс жасаған күдікті ұсталған, бұл факт бойынша ҚР ҚК «Адам өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған ер адам бұрын анасын өлтіргені үшін сотталған. 25 жыл түрмеден кейін ол ауыл тұрғынымен азаматтық некеде тұрған.