Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылды

15 Шілде 2021, 14:31
2911
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылды
PHOTO

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайын жаңалық ашатын шығысқазақстандық археологтар жақында Қазақстанның ежелгі тарихын қайта парақтайтын жәдігерлер тапты.

Ғылыми сенсация белгілі археолог Зейнолла Самашевтің басшылығымен Ұлан ауданының Ақбауыр аймағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде болды. Зерттеу жұмыстары «Қола дәуірінен ерте орта ғасырларға дейінгі Алтай - Тарбағатай» жобасы бойынша қолға алынған. Археологтар бес ірі қоныс орнында, екі қоршауда, екі қазба және жерлеу-рәсім орындарында жұмыстар жүргізіп, түрлі құрылыстардың ерекшеліктеріне назар аударып, олардың қандай мақсатта қолданылғанын анықтауға тырысты. Маңызды болжамдардың бірі – Ақбауыр тауының етегіндегі қоныстар жүйесі мұнда ерте темір дәуіріне тиесілі қала болғанын көрсетеді.

Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылды

Осылайша, тарихи-археологиялық кешенде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстанның ежелгі тарихын қайта парақтайтын жаңалық ашылды десе де болады. Өйткені, осы уақытқа дейін біздің бабаларымыз таза көшпенді өмір сүрген деп келген едік. Алайда, Ақбауыр тауының етегінде бірнеше кварталдан тұратын ірі елді мекеннің болғаны белгілі болды.

Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылды

Бұдан бөлек, экспедиция басшысы Зейнолла Самашев аталған елді мекеннің осы сияқты басқа да қоныстармен макроэкономикалық байланысының болғанын пайымдайды. Бұдан ежелгі Сақтардың тек қана көшіп-қонып, мал бағымен ғана өмірлерін өткізбей, сондай-ақ түрлі бұйымдар мен өнімдер өндіріп, оларды айырбасқа шығарғанын түсінеміз.

Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылды

Ақбауыр аймағына жұмыс сапарымен атбасын бұрған өңір басшысы Даниал Ахметов бұл зерттеулердің еліміздің ежелгі тарихын қайта қарастыруға серпін беретінін атап өтті.

Біз бабаларымыздың эволюциялық даму кезеңдерінің мысалдарын көріп отырмыз. Мұнда металлургия мен тау-кен байыту үрдістерінің алғышарттарын байқаймыз. Бабаларымыздың кен өндіріп, оны танып-білудегі білімдері біз үшін үлкен мақтаныш. Сонымен қатар, қазбалар арқылы мұнда еңбек бөлінісінің де болғанын көреміз. Біреу жер өңдеумен айналысса, екіншісі металл балқытумен айналысқан. Бұл жерде өндіріс кешендері, металл өңдейтін цехтар бар. Осылайша, біздің заманымызға дейінгі 11 ғасырда-ақ біздің бабаларымыз отырықшы өмір сүргенін көреміз, - деді Даниал Ахметов.
Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылды

Алдағы уақытта анықталған жәдігерлер жергілікті және шетелдік туристер келіп, тамашалайтын орынға айналуға әбден лайық. Жақын арада ежелгі қаланың үсті мөлдір шынымен жабылып, үлкен экспозициялық залға айналмақ.

 Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылды

Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылды

Өзгелердің жаңалығы