ҚМДБ төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасына көңіл айтты

15 Шілде 2021, 15:31
2448
Бөлісу:
ҚМДБ төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ғалым, дін қайраткері Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасына, барша мұсылман қауымға көңіл айтты.

Белгілі дінтанушының өмірден өткендігі туралы суыт хабар бүгін таңертең белгілі болған еді.

Бүгін таңертең Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын 10 жылдан астам уақыт басқарған, дін қайраткері, академик, көрнекті ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар жетті. Осы сәтті пайдаланып, марқұмның отбасына, туған-туыстарына, барша мұсылман қауымына тағы да көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын. Иманы саламат болғай. Әмин! – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Әбсаттар қажы Дербісәлі – республикамыздағы жас арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Арабтану саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылым докторы, тұңғыш профессоры, тұңғыш академигі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы құлыптастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. 2003 және 2006 жылдары қыркүйекте Астанада әлемдік және дәстүрлі ұлттық дін лидерлерінің съездерін өткізуге үлес қосты.

Өзгелердің жаңалығы