Все новости за 23 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Эйнштейннің қолжазбалары аукционға қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Christie’s және Aguttes аукцион үйлері Альберт Эйнштейннің қолжазбасын сатылымға шығарады, онда физик жалпы салыстырмалылықты дәлелдеуге тырысқан, деп хабарлайды Irish Times.
-
Ауа райы. Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 24 қыркүйек күнгі ауа райы болжамына байланысты еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
-
Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы финалда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан командасы гандболдан Иорданияда өтіп жатқан 18-ші Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Сапарбаев: Облыстағы 1800-ден астам көпқабатты тұрғын үйге жауап беретін мекеме жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі және жай серіктестерін құру туралы мәселе қаралды.
-
Коронавирус. Әлемдегі жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзия корольдігі коронавирусты жұқтыру фактілерінің өсімін тіркеуде. Өткен тәулікте инфекция салдарынан 487 науқас қайтыс болды, 14 990 жаңа SARS-CoV-2 тасымалдаушысы анықталды.
-
Талибан. Қырғыздар келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасы қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Таалатбек Масадықов Кабулға барып, онда Ауғанстандағы "Талибан" үкіметінде сыртқы істер министрінің міндетін атқаратын Әмір Хан Муттақимен кездесті.
-
Мектептердегі бақылау камералары бір орталықтан бақыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының бірқатар білім мекмелері мен ішкі істер департаментінде болып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерімен танысты.
-
Global Project Excellence Awards. Қазақстан - жеңімпаз!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы «Global Project Excellence Awards» IPMA дүниежүзілік конкурсында «Әлеуметтік/өңірлік даму/қоғамдық қызмет көрсетулер» санаты бойынша алтын номинацияға ие болды.
-
Қазақстан мен Индонезия денсаулық саласына қатысты меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Индонезия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Буди Дж. Садикинмен бейне-байланыс форматында кездесу өткізді, оның барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
-
#Тәуелсіздік30. Ұланбатырда фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұланбатырда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фото және кітап көрмесін ұйымдастырды.
-
Шымкентте химия өнеркәсібінің көлемі артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте осы жылдың 8 айында өнеркәсіп өнімінің өсімі 106,4 пайыз болып, 484,5 млрд теңгеге жеткен. Өндірілген өнімдердің 87 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрап отыр.
-
«Қазқұтқару-2021» халықаралық жарыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу – жаттығу полигонында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстардың ашылу рәсімі өтті.
-
АҚШ-та роботтар жеміс-жидек өсіруге көмектесуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та ғалымдар астық өсірудің тың идеясын ойлап тапты. Жеміс-жидек өсіру ісін арнайы роботтар жеңілдетіп отыр.
-
«Күйеуіңді қайтаруға көмектесемін». Алматыда алаяқ әйел ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын» деп тұрғындарды алдаған көріпкел алаяқ ұсталды. Бұл туралы алматы қаласы ПД-ті хабарлады.
-
Қазақстан мен Индонезияда қашықтан оқыту бойынша көрініс ұқсас – елші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Промоно журналистермен кездесу барысында айтты.
-
Түркияда қазақтардың кіші құрылтайы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркияда (Стамбұл қаласы) Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» тақырыбында Қазақтардың кіші құрылтайы өтті.
-
23,2 млн тонна шөп дайындалды – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 32,8 миллион бастан астам малды қыстан аман-есен алып шығу үшін облыс әкімдіктерімен бірлесіп жем-шөп дайындау жоспары айқындалды.
-
Сағынтаев Қазақстандағы Жапония елшісімен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Д. Ямаданы қабылдады.
-
Елімізде қанша кәсіпкер бар және олардан қанша салық түседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады.
-
Елде сыйымдылығы 29,3 млн тонна болатын астық сақтау қоймалары бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қазақстанда жиналатын дәнді және майлы дақылдар алаңы 18,9 млн гектар. Бұл өнімдердің жалпы түсімінің болжамды көлемі нақтыланған деректер бойынша шамамен 18 млн тоннаға жетеді. Орташа өнімділік гектарына 9,5 центнерден айналады.
-
Қазақ-тәжік байланысы ерекше екпінмен дамып келе жатыр – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстан Республикасы Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустами Эмомали ресми сапармен Қазақстанға келді.
-
«Qazvac» вакцинасы «дельта» штамынан тиімді қорғайды – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық «QazVac» вакцинасы «дельта» штаммынан тиімді қорғайды. Мұндай нәтижелерді ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсетті.
-
Елімізде бизнеске еңбекақы төлеу қорына жүктеме азайтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады. Оның айтуынша жүктемені азайту үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі.
-
Бейбіт Бақтыгереев: Театр – мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше қуаныш сыйлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен онлайн кездесуде Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев мәлім етті.
-
Ең төменгі жалақыны көтеру не береді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады. Ол ең төменгі жалақы деңгейін көтеру экономиға қалай әсер ететінін түсіндірді.
-
Ақмола облысында «Бірдей болу міндетті емес» жобасы іске асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев мәлімдеді.
-
«Ónerpaz bolsań…» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Мәдениет және спорт министрілігі мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлі мәлім етті.
-
Үкімет бағаның өсуін тежеуге бағытталған шараларды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов хабарлады.
-
Мемлекеттік рәміздер мен наградалар геральдикасы жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
-
Алматыда жаңадан ашылғалы отырған Alem Park саябағы жайлы не білеміз?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жақында Алматыда қала күнін атап өту кезінде Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданында Alem Park саябағы ашылатынын мәлімдеген.
-
Алматыдағы балалардың улануына қатысты іс қозғалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы ПД-ті балалардың бассейнде улануына байланысты іс қозғағандарын мәлімдеді.
-
Биыл ерекше азаматтарға қандай қолдау көрсетіледі – Ақан Әбдуәлі жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен «Өнерпаз болсаң ...» фестивалі туралы» брифингте айтылды.
-
Екібастұзды дамытуға 900 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұз қаласын дамытуға 900 млрд теңгеден астам сома бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.
-
Алматы дәрігерлері көзді жоғары технологиямен емдеуді қолға алды
Алматы, BAQ.KZ. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Орталық Азияда алғаш рет ретинобластоманың көзді сақтауға мүмкіндік беретін селективті интраартериялық химиотерапияның жоғары технологиялық орган сақтау емін жүргізу басталды.
-
Геннадий Головкин жапониялық боксшымен жекпе-жек өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге келісті.
-
Президент «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Оймаша» полигонында өткен «Отпантау-2021» шұғыл-стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды.
-
Сақтандыру пакеті қандай қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын қызметтердің қолжетімділігі артқан. Медициналық сақтандыру қоры биыл 7 айда Алматы қаласы тұрғындарына аталған профильге жататын қызметтер үшін 8,3 млрд теңгеге жуық қаражат төлепті.
-
Түркістан облысында 15 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында биылғы оқу жылының басталуына орай балалардың жолда жүру қауіпсіздігін қадағалап, оларға ережелерді түсіндіру және жасөспірмдер арасында құқыбұзушылықтарды болдырмау мақсатында түнгі,күндізгі жедел профилактикалық іс-шаралар жиі жүргізілуде.
-
Алматыда бассейнге барған 11 бала хлордан уланып қалды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыда синхронды жүзу бассейніне барып жүрген 11 бала тамағы ауырып, түшкіру белгісімен жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы бассейнде жаттығу кезінде хлордан уланған.
-
84 жастағы зейнеткерді 550 мың теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 84 жастағы зейнеткерді 550 мың теңгеге алдап кеткен жезқазғандық алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Токио Олимпиадасындағы жағдайдың қайталанбауы үшін не істеу керек? – депутат министрге сауал жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Нұржан Нұрсипатов Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы жайында сауал жолдады.
-
Сенатор Атырау облысындағы өзекті мәселені көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Атырау облысының жергілікті мәселелерін шешу тетігін ұсынды.
-
Жоғалған әскери билетті қалай тез қалпына келтіруге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО филиалының өкілдері әскери билетті жоғалған жағдайда қалай тез қалпына келтіру керегін хабарлады.
-
Алматы облысының халқы 2 миллионнан асты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорғанда қала күніне орай өткен жиында айтты.
-
Малайзияда бір тәулікте 15 мың адамнан дельта штамы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзияда соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясының жаңа түрін жұқтырғандар 15 мың адамға жетті. Бұл туралы Малайзияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
-
Тұрар Рысқұлов жайлы «Қызыл жебе» сериалы жақын күндері экранға шығады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ халқының ұлы перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловқа арналған «Қызыл жебе» атты тарихи сериалы түсіріліп бітті.
-
Әскери қызметшілер алғашқы көмек көрсету курсынан өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери медицина орталығының базасында дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша әскери қызметшілерді даярлаудың кезекті курсы өткізіледі.
-
Украинадағы COVID-19 көрсеткіштері төрт айлық жаңа деңгейге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22 қыркүйекте Украинада коронавирустық инфекцияның 7866 жаңа жағдайы расталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Facebook-тегі парақшасында.
-
Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен келіссөз жүргізді.
-
Дизель отынын тұтыну көлемі артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев хабарлады. Оның айтуынша, биыл дизель отынын тұтынудың айтарлықтай өскен, әсіресе бұл тамыз айында қатты байқалыпты.
-
Еліміздегі дизель отынының бағасы қанша?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев хабарлады. Оның айтуынша, дизель отынының бағасы өңірге байланысты өзгеруі мүмкін.
-
Төмен жалақы лауазымдық иерархияға әкеледі. Сенатор мәслихат хатшыларының жалақысын көтеруді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Үкімет басшысына шемімін таппай келе жатқан мәселеге қатысты депутаттық сауал жолдады.
-
Қазақстанда дизотын көрші елдерге қарағанда арзан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев хабарлады. Оның айтуынша, үлкен айырмашылыққа байланысты бүкіл транзиттік жүк тасымалы жанар-жағармайды біздің елден құяды.
-
Ауқымды вакцинацияға қарамастан Израиль КВИ-дің таралуын тоқтата алар емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль вакцинацияның ауқымды нәтижелеріне қарамастан коронавирустың таралуын тоқтата алар емес.
-
Ресей ғалымдары спрей түріндегі COVID вакцинасын жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. А.А. Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары спрей түрінде COVID вакцинасын жасады.
-
Чхоль-Кю Хван ТМД прокурорларының бірлескен жұмысын арттыратын ұсыныс жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чхоль-Кю Хван ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысында айтты.
-
Депутаттар мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартатын заңды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.
-
Сенат Каспийдің экологиялық проблемаларын шешетін заңды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
-
Депутат: Хаттаманың мақсаты – теңіз ортасы мен құрлықтың ластануын болғызбау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы таныстырылды.
-
Астанада «Бейбітшілік тағы» көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық музейінде «Бейбітшілік тағы» атты жаңа көрменің тұсаукесері өтті. Көрме адамзат тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі – Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналады.
-
Жаңа сервис іске қосылды. Енді үйіңізге бейтаныс адам тіркеле алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервисті енгізді.
-
Тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясынан айырылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
-
Краснов Ауғанстандағы жағдай әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысында РФ Бас прокуроры Игорь Краснов айтты.
-
«Алматы-Ташкент» тас жолында екі көлік соқтығысып, 6 адам мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының «Алматы-Ташкент» тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысты.
-
Рэкет, адам өлтіру, тонау. Нұрдәулетов қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысында Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов айтты.
-
Неонаталдық скрининг деген не?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық нәресте жарық дүние есігін ашады. Әр сәби туғаннан кейін бірден міндетті түрде неонаталдық скринингтен өткізілуі тиіс. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі айтты.
-
Сенатта Каспий теңізіне қатысты заң жобасы қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенциясының трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерін бағалау хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды.
-
Көшербаев: Заң үстемдігін орнату – мемлекетшіліктің негізін сақтаудың кепілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев айтты.
-
Қазақстан ТМД елдері құзырлы органдарының ынтымақтастығын жоғары бағалайды – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін оқып берді.
-
Ресейде апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының сынықтары табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хабаровск өңіріндегі «Спартак» тау-шаңғы базасының маңайында радардан жоғалып кеткен Ан-26 ұшағы табылды.
-
Елордада ТМД елдерінің Бас прокурорлары бас қосып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысы басталды.
-
Елімізде мемқызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Зор Рух» қайырылымдылық қоры биылғы жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуде.
-
Коронавирусқа қарсы екпені 7,5 млн-ға жуық адам салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
КВИ мен пневмония салдарынан 62 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 23 қыркүйектегі ақпаратты жария етті.
-
ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында сөз сөйледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында «Болашаққа сенім – өмірге төзімділікті күшейту: COVID-19-дан кейінгі қайта жаңғыру, орнықты қалыпқа келу, әлем қажеттіліктерін қанағаттандыру, адам құқықтарын құрметтеу және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін жандандыру» тақырыбында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорда.
-
Эпидемиологиялық ахуал: 7 өңір «қызыл» аймақта тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
-
Өткен тәулікте 3905 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 3905 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2693 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2693 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Малайзия вакцина салдырған туристер үшін жаңа бағыттар ашады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзия билігі 1 қазаннан бастап вакцинацияланған туристер баратын бірнеше бағыт ашуға ниетті, деп хабарлайды CNA телеарнасы.
-
Биыл Шет ауданында 30-дан астам отбасы баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шет ауданында жыл соңына дейін 30-дан астам отбасы баспанамен қамтылады. Ақсу-Аюлыда екі пәтерлі жеті үйдің құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар, әкімдік кезекте тұрғандар үшін 18 үй сатып алды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
ДДСҰ Ауғанстанда гуманитарлық апат болуы мүмкін екенін ескертеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ауғанстандағы денсаулық сақтау жүйесінің жағдайына алаңдаулы. ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс Ауғанстанда болуы мүмкін гуманитарлық апатты жоққа шығармады. Бұл туралы ұйымның сайтындағы хабарламада айтылған, деп хабарлайды RT.
-
Атырау облысында заңсыз жүрген 9 шетелдік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында заңсыз жұмыс істеген 9 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
-
Аргентина Sputnik V шығаратын жаңа зауыт салуға ниетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейден Венесуэлаға ірі гуманитарлық жүк тасымалданды, деп жазды ren.tv.
-
Шымкент: Балалардың терезеден құлауы 6 есеге көбейген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте балалардың терезеден құлау фактісі өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге артқан. Төтенше жағдай департаментінің мамандары жазатайым оқиғаның алдын алу үшін ата-аналарды сақтық шараларын қолдануға шақырды, деп жазды Оtyrar.kz.
-
Путинцева Остравадағы WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Остравадағы WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Ақмола облысында алкоголь өнімдерін шығаратын заңсыз цех анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында алкоголь өнімдерін шығаратын заңсыз цех анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Түркияға 15 тонна жасымық жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан 15 тонна жасымық тиелген 10 контейнерді пойызбен Түркияға жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
ШҚО-да коронавирусты емдеу үшін 3,7 мыңнан астам төсек орын бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғаннан бері Шығыс Қазақстанда коронавирустың 43,5 мыңнан астам жағдайы анықталды. Науқастарға медициналық көмек көрсету үшін өңірде 39 инфекциялық стационар жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews.
Наверх