Қазақстан мен Индонезия денсаулық саласына қатысты меморандумға қол қойды

23 Қыркүйек 2021, 21:12
25464
Бөлісу:
Қазақстан мен Индонезия денсаулық саласына қатысты меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Индонезия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Буди Дж. Садикинмен бейне-байланыс форматында кездесу өткізді, оның барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында министр екі елдегі қоғамдық денсаулық сақтау жағдайын жақсартуға ықпал ету үшін денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты қолдауға және дамытуға келісті. Тараптар ұзақ мерзімді және тұрақты негізде өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделі.

А. Цойдың пікірінше, Қазақстан мен Индонезия Республикасы арасындағы денсаулық сақтау қызметтері, адами ресурстарды, фармацевтикалық және медициналық құралдарды дамыту саласындағы ынтымақтастық Денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде фармация және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасуды жақсартуға мүмкіндік береді.

Келісімдер аясында бірлескен конференциялар, семинарлар ұйымдастыру, Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар мен мамандардың сапарларымен алмасу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы