Рэкет, адам өлтіру, тонау. Нұрдәулетов қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық туралы айтты

23 Қыркүйек 2021, 10:48
3794
Бөлісу:
Рэкет, адам өлтіру, тонау. Нұрдәулетов қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық туралы айтты
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысында Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов айтты.

Бас прокурор қатысушы елдерде коронавирус індетіне қатысты жағдайдың тұрақтануына байланысты шара дәстүрлі түрде өтіп жатқанын атап өтті.

Биыл ТМД-ның біраз елі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелейді. Осы жылдар аралығында біз қылмысқа қарсы күрес пен заңдылықты нығайту сынды маңызды бағыттарда ынтымақтаса жұмыс істедік. Аяққа тұру кезеңін бірге өткердік. 90-жылдары Қазақстан басым посткеңестік елдер сияқты ұйымдасқан қылмыстың аспандап тұрған шағына тап болды, - деді Нұрдәулетов.
Бас прокурор рэкеттер мен адам өлтіру, тонау, қанап-шенеу криминалдық күн тәртібінен түспегенін айтты.
Осы келеңсіз оқиғалардың барлығын жеңдік. Бұл орайда жоғары құзырлы органдардың халықаралық ынтымақтастығы, оның ішінде ТМД Бас прокурорларының үйлестіру кеңесі зор үлес қосты. Алайда заман өзгеріп, жаңа сынақтар пайда болады. Терроризм, экстремизм, есірткі саудасы, адам саудасы, трансұлттық және киберқылмыс бірлесуді қажет ететін бүгінгі күннің шындығы болып отыр. Сондықтан біз заманнан қалыспай, құқық қорғау саласында жаңа тәсілдер мен инновациялық тетіктерді енгізуіміз қажет, - деді ол.
Бас прокурор үйлестіру кеңесінің алаңы қылмысқа қарсы қызметті нығайту мен халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін айтты.

Айта кетейік, елордада ТМД елдерінің Бас прокурорлары бас қосып жатыр. Отырыс барысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін оқып берді. 
Өзгелердің жаңалығы