Түркістан облысында 15 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді

23 Қыркүйек 2021, 16:02
5299
Бөлісу:
Түркістан облысында 15 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында биылғы оқу жылының басталуына орай балалардың жолда жүру қауіпсіздігін қадағалап, оларға ережелерді түсіндіру және жасөспірмдер арасында құқыбұзушылықтарды болдырмау  мақсатында түнгі, күндізгі жедел профилактикалық іс-шаралар жиі жүргізілуде.

Осыған орай Шардара ауданы ПБ қызметкерлері  білім беру мекемелерінің аумағында «Абайлаңыз балалар» іс-шарасын өткізді. Онда полицейлер оқушыларды жолда жүру, жолдан өту ережелерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе мектеп табалдырығын енді аттаған 1-сынып оқушыларына  басты назар аударылды.

Сонымен қатар шардаралық полицейлер  кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу  міндеттеріне сай түнгі рейдтік іс-шараларды да жедел ұйымдастыруда. Іс-шараға сәйкес полицейлер аймақтағы түнгі ойын-сауық кешендерін, саябақтар мен алаңдарды аралап тексеру жүргізуде, - делінген ақпаратта.

Осындай кезекті бір тексеріс кезінде тәртіп сақшылары  кәмелетке толмаған 15 жасөспірімді анықтады. Олар тез арада бөлімшеге жеткізілді. Жасөспірімдердің ата-аналарына  ӘҚБтК 442-бабы 2-бөлігі, яғни «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Бұған қоса беймезгіл уақытта көшеде жүрген тағы 2 оқушының ата-аналарына қатаң ескерту жасалды.



Өзгелердің жаңалығы