Шымкент: Балалардың терезеден құлауы 6 есеге көбейген

23 Қыркүйек 2021, 04:40
1717
Бөлісу:
Шымкент: Балалардың терезеден құлауы 6 есеге көбейген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте балалардың терезеден құлау фактісі өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге артқан. Төтенше жағдай департаментінің мамандары жазатайым оқиғаның алдын алу үшін ата-аналарды сақтық шараларын қолдануға шақырды, деп жазды Оtyrar.kz.

Әрі оларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша шара қолданылатынын жеткізді. Сондай-ақ қалалық төтенше жағдай департаментінің өкілдері тұрғын үйлерде орын алған өрттің көбейгенін айтып дабыл қақты.

Бүгінгі таңда балалардың көпқабатты үй терезелерінен құлауы жиілеп отыр. Мәселен жыл басынан бері бір Шымкенттің өзінде 6 жағдай тіркелген. Оның үшеуі қайтыс болып, қалғаны жарақат алған. Ал бұл статистика өткен жылмен салыстырғанда алты есеге артық, – дейді ТЖ мамандары.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті жазатайым оқиғаның алдын алу мақсатында құрылыс басқармасына ұсыныс білдірген. Яғни, көп қабатты тұрғын үй салу барысында терезелерді ашуды шектеу құрылғыларын орнатуды сұраған. Ал бұл көрсеткіш ата-аналар үшін сабақ болуы керек дейді мамандар.

Бұл әке-шешенің баласын қараусыз қалдыруы салдарынан болып отыр. Ол жерде маскетный сетка дейміз ғой сол ұстап қалады деген оймен бала соған асылады. Онда ұстап тұрған кішкентай ғана пластмастар тұр. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 127 бабына сәйкес осы ата-аналарға шара қолдану қарастырылған, - дейді Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Азамат Бұлдырақов.

Өзгелердің жаңалығы