Бейбіт Бақтыгереев: Театр – мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше қуаныш сыйлайды

23 Қыркүйек 2021, 17:53
1710
Бөлісу:
Бейбіт Бақтыгереев: Театр – мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше қуаныш сыйлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен онлайн кездесуде Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев мәлім етті.

Оның мәлімдеуінше, Ақмола облысының орыс драма театры мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін қоршаған ортадан ажырап қалғандай сезінбеуі үшін ұйымдастырылған «Бірдей болу міндетті емес» жобасын іске қосты.

Жоба бойындағы қорқыныштан арылып аурумен күресу олар үшін қуаныш әкелсін деген ниетте іске асып келеді. Жобаның негізгі идеясы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін гүлдендіріп, дамыту екендігін айтқымыз келеді. Қоршаған ортамыз және айналадағы адамдар оларға аянышты көзқараспен қарамай керісінше болашағынан үміт күттіретін тұлға ретінде қабылдауы керек, - дейді театр директоры.

Сонымен қатар ол «Бірдей болу міндетті емес» жобасына қатысушылар және Ақмола облысының орыс драма театрының шығармашылық ұжымы туралы айтты.

Тургеневтің «Муму» әңгімесі бойынша есту қабілеті нашар балалардың қатысуымен толыққанды спектакль қойды. Қоюшы режиссер Тимур Валиев театр ұжымымен бірге инновациялық жобаның түпкі мақсатын дәл айқындап берді. Қойылымға есту қабілеті нашар балалар қатысқандықтан олар көмекші аудармашының көмегіне жүгінді, -дейді Бейбіт Бақтыгереев.
Өзгелердің жаңалығы