Чхоль-Кю Хван ТМД прокурорларының бірлескен жұмысын арттыратын ұсыныс жасады

23 Қыркүйек 2021, 12:17
2125
Бөлісу:
Чхоль-Кю Хван ТМД прокурорларының бірлескен жұмысын арттыратын ұсыныс жасады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чхоль-Кю Хван ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысында айтты.

Трансұлттық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық ынтымақтастықта елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін бізге достық қатынастар негізінде өзара сенім қалыптастыру қажет деп санаймын. Бұл отырыс 26 жыл бойы өткізіліп келеді. Сөзсіз, оның құрамы да берік. Бұл отырысқа Халықаралық прокурорлар қауымдастығының халық делегациясы 2017 жылдан бастап қатысып келеді. Мен өзім осы отырыстарға 2019 жылдан бастап қатысамын, - деді ол.
Чхоль-Кю Хван бас прокурорларға Санкт-Петербургте Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы өкілдігі келесі айда ресми түрде іске қосылатынын айтты.
Сондықтан халықаралық прокурорлар қауымдастығы ТМД бас прокурорларының үйлестіру кеңесімен, мейлінше, тығыз байланыста жұмыс істейді деп күтіп отырмыз. Егер осы екі ұйым бірлескен өңірлік конференция өткізсе, келешектегі жақын әріптестікті ынталандыруға мүмкіндік береді, - деді ол.
Чхоль-Кю Хван ұйымдардың бірлесіп жұмыс істейтінін айтты.
Трансұлттық қылмысқа бірлесу арқылы күресе аламыз деп ойлаймын. Нәтижесінде өзара тиімді тетіктерге қол жеткізуге болатынына сенемін. ХПҚ 26 жылдан астам уақыт бойы халықаралық прокурорлар ынтымақтастығына үлес қосып келеді. Мұндай платформа ТМД елдерінің прокурорларына ортақ мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізеді, - деді Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чхоль-Кю Хван.

Өзгелердің жаңалығы