«Ónerpaz bolsań…»  республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды

23 Қыркүйек 2021, 17:22
1483
Бөлісу:
«Ónerpaz bolsań…»  республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Мәдениет және спорт министрілігі мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлі мәлім етті.

Ол 23 қыркүйектен бастап 8 қазанға дейін «Ónerpaz bolsań…» республикалық байқауына қатысуға өтініштер қабылданатынын айтты.

Бұл фестиваль өнер мен мәдениет - мерекесі. Сізбен бізге ортақ қуаныш! Бүгіннен бастап 8 қазанға дейінгі уақыт аралығында республикалық байқауға қатысу жөніндегі өтінімдерді қабылдау жүргізіледі. Басты мақсат – үздік қызметкерлер мен ұйымдарды анықтап қою ғана емес, олардың өзара тәжірибе алмасуы мен жаңа белеске көтерілуіне жағдай жасау. Фестиваль өз мақсатын орындап, нәтижелі болады деген сенімдеміз, - дейді Ақан Әбдуәлі.

Сонымен қатар Ақан Әбдуәлі ерекше адамдарға мәдени қызмет түрлерінің пандемия кезінде қалай іске асып жатқанындығын сөз етті.

Ковид пандемиясына байланысты шектеу шаралары болған тұста ерекше азаматтарға мәдени қызмет түрлері онлайн түрде көрсетілді. Оның ішінде Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі есту қабілеті бұзылған адамдар үшін арнайы бейне экскурсия ұсынады. Осы орайда бүгінгі фестивалімізде ерекше қажеттіліктері бар талантты азаматтарды анықтауға, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндік десек қаталеспейміз, -дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы