Ауқымды вакцинацияға қарамастан Израиль КВИ-дің таралуын тоқтата алар емес

23 Қыркүйек 2021, 12:49
13372
Бөлісу:
Ауқымды вакцинацияға қарамастан Израиль КВИ-дің таралуын тоқтата алар емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль вакцинацияның ауқымды нәтижелеріне қарамастан коронавирустың таралуын тоқтата алар емес. 

COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың хабарлауынша, өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырудың 4 800 жаңа жағдайы тіркелді.

Осылайша, жұқтырғандардың саны 1 244 580-ге жетті, пандемия кезінде 7 582 адам қайтыс болды. 

Ауруханаға жатқызу статистикасы да өсуде. Қазіргі уақытта ауыр халдегі науқастардың саны 723-ті құрайды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 вакцинасының алғашқы дозаларын 9,3 млн тұрғынның 6 000 000-нан астамы (64,6 %) алды, шамамен 5,6 млн адам екінші дозасын алды. 

3 000 000-нан астам препараттың үшінші дозасымен ревакцинация жасады.




Өзгелердің жаңалығы