Елімізде мемқызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілуде

23 Қыркүйек 2021, 09:24
1641
Бөлісу:
Елімізде мемқызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Зор Рух» қайырылымдылық қоры биыл мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуде.

Бұл туралы «Зор Рух» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба мақсаты – көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына, қолжетімділігіне және көрсетілу тәртібіне қатысты қызмет алушылардың қанағаттанушылық денгейін, сондай-ақ 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын мәселелерді анықтау.

Жоба барысында еліміздің барлық аймағында тұратын кемінде 12 000 қызмет алушыны қамту жоспарланған. Барлық мемлекеттік орган және ХҚКО-да көрсетілетін 75 мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігі жөніндегі тұлғалардың пікірлері, қызығушылықтары, ұсыныстары мен қалауы талданатын және тіркелетін болады. Талдау ең ауқымды, проблемалық (бюрократиялық, сыбайлас жемқорлық, орындау мерзімнің бұзылуы, шағымдар және т.б.) және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді қамтитын болады.

Әкімшілік кедергілерді анықтағаннан кейін және мемлекеттік органдардан қызмет алу кезінде қызмет көрсетушілерге сенім деңгейін зерттегеннен кейін ең осал орындар анықталады. Бақылау барысында мемлекеттік қызметті алу кезіндегі әлеуметтік шиеленіс деңгейін зерттеу, халықтың мемлекеттен нақты қызмет алу туралы хабардар болу деңгейін анықтау жоспарлануда.

Қоғамдық мониторинг нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін жетілдіру, оларды ұсыну мен жіктеу бойынша бизнес процестерді автоматтандыру туралы ұсыныстар әзірленеді. Сонымен бірге биылғы жылы қоғамдық мониторинг онлайн форматта да өткізілуде. Осылайша қызмет алушыларға онлайн – сауалнамадан өту ұсынысы және арнайы платформаға сілтемесі бар SMS жолданады. SMS жолдамада көрсетілген мерзімде онлайн сауалнаманы толтырмаған тұлғалар, сауалнамаға телефон арқылы жауап бере алады, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға өз үлесін қосқысы келетін қазақстандықтар +7 700 000 08 56 нөміріне хабарласып, онлайн сауалнамаға қатыса алады.

Өзгелердің жаңалығы