Биыл ерекше азаматтарға қандай қолдау көрсетіледі – Ақан Әбдуәлі жауап берді

23 Қыркүйек 2021, 16:57
1848
Бөлісу:
Биыл ерекше азаматтарға қандай қолдау көрсетіледі – Ақан Әбдуәлі жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен «Өнерпаз болсаң ...» фестивалі туралы» брифингте айтылды.

Мәдениет және спорт министрілігі мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлінің мәлімдеуінше, мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі – ерекше қажеттілігі бар адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру. Олар үшін басқа адамдармен теңдей қоғамның барлық объектілерін қолжетімді ету.

Мәдениет және спорт министрі ағымдағы жылы тұңғыш рет ерекше қажеттілігі бар талантты адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып, кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс жасайтын мәдениет ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету үшін «Өнерпаз болсаң» республикалық фестивальн ұйымдастыруда, - деп атап өтті ол.
Оның сөзінше, фестиваль – вокал, би , бейнелеу өнері сонымен қатар актерлік шеберлік, қолөнер және т.б секілді мәдениет пен өнердің түрлі саласын меңгерген ерекше қажеттілігі бар азаматтардың басын біріктіріп, оларға шығармашылық қолдау көрсетуді мақсат тұтады.
Өз кезегінде министрлік ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолдау көрсетіп келеді. Елімізде 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан мәдениет және өнер ұйымдарымен қызметкерлерінің «Рухани қазына» республикалық фестиваль аясында арнайы номинация қарастырылған. Бұл номинация еліміздегі зағип немесе нашар көретін жандарға арналған кітапханалар мен олардың қызметкерлеріне табысталады. Еліміздің музейлерінде мүмкіндігі шектеулі суретшілер мен қолөнер шеберлерінің жеке көрмесін ақысыз өткізуге қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, бүгінде Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі отандық танымал пейзажист әрі суретші Анар Абжанованың жеке көрмесін өткізу үшін дайын жұмыстарын жүргізуде, -дейді Мәдениет және спорт министрілігі мәдениет комитетінің төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы