Мемлекеттік рәміздер мен наградалар геральдикасы жөніндегі комиссияның отырысы өтті

23 Қыркүйек 2021, 17:17
1040
Бөлісу:
Мемлекеттік рәміздер мен наградалар геральдикасы жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссиясының осы жылғы қорытынды отырысы өтті.

Жиында Қырымбек Көшербаев келер жылы Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толатынына, айтулы датаны республикалық деңгейде мерекелеудің маңыздылығына тоқталып, тиісті іс-шаралар жоспарын дайындауды тапсырды.

Комиссия төрағасы Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты – қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу екенін атап өтті.

Отырыста Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Геральдикалық зерттеулер орталығының қызметі және мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларын оңтайландыру жайында баяндама жасады.

Сондай-ақ Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов және Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекеттік рәміздерді насихаттау және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Ведомстволық наградаларға байланысты ұсыныстарын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Ибрагим Күлшімбаев, Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Жеңіс Елемесов.

Сонымен қатар, Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Асқаров «Қазақ геральдикасы» атты кітап-альбомның тұсаукесерін өткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы ведомстволық наградаларды оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, мемлекеттік рәміздерді танымал етуде және жастарға патриоттық тәрбие беруде қоғамдық ұйымдардың әлеуетін кеңінен пайдалануды тапсырды.



Өзгелердің жаңалығы