Алматыда бассейнге барған 11 бала хлордан уланып қалды

23 Қыркүйек 2021, 15:49
7173
Бөлісу:
Алматыда бассейнге барған 11 бала хлордан уланып қалды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыда синхронды жүзу бассейніне барып жүрген 11 бала тамағы ауырып, түшкіру белгісімен жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы бассейнде жаттығу кезінде хлордан уланған.

Алматы қаласы Сантиралық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Садуақас Байғабұловтың айтуынша, балалардың барлығы қалалық Балалар клиникалық ауруханасының токсикология бөлімінің жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.

Ауруханаға түскен балалардың жасы 12-14 аралығында. Қазір Алмалы ауданының санитар дәрігерлері аталған жайт бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай, бір апта бұрын бассейндегі суды хлорлайтын жаңа аппарат қойылған. Сол аяқастынан істен шығып, хлорды суға жіберген. Бассейндегі су құрамындағы хлор мөлшерін лабараоторияда зерттеу үшін судан сынама алынды. Сондай-ақ ауа құрамы да тексерілді,-дейді Байғабұлов.

Оның айтуынша, синхронды жүзуге 14 бала барған, оның 11-нің денсаулығы кенеттен сыр беріпті. Қазір балалардың денсаулығы қанағаттанарлық.

Өзгелердің жаңалығы