Талибан. Қырғыздар келіссөз жүргізді

23 Қыркүйек 2021, 22:00
8377
Бөлісу:
Талибан. Қырғыздар келіссөз жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасы қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Таалатбек Масадықов Кабулға барып, онда Ауғанстандағы "Талибан" үкіметінде сыртқы істер министрінің міндетін атқаратын Әмір Хан Муттақимен кездесті. 

Бұл жөнінде "Талибанның" бірде-бір ел мойындамаған үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Жаңалықты Қырғызстанның "АКИпресс" агенттігі де таратты.

Кездесуге Қырғызстан президент әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің басшысы Жээнбек Кулубаев қатысқан.

Қырғызстанның ресми орындары бұл туралы ештеңе айтпады.

Муттақи делегаттарды "қарсы алып, [өздеріне] қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол ынтымақтастық пен өзара көмекті жалғастыру қажетін баса айтты" делінген Мужахид хабарламасында. Кездесудің басты тақырыбы – "екіжақты қарым-қатынас және ынтымақтастық жалғастыру" болған.

"Талибан" өкілі кездесу кезінде түсірілген фотоларды да жариялады.

Орталық Азия елдерінен алғаш болып Қырғызстан Ауғанстанда билікті басып алған "Талибан" үкіметімен кездесуге жоғары деңгейдегі делегация жіберді.

Өзгелердің жаңалығы