Все новости за 15 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Еуроодақ кедей елдерге 200 млн вакцина бермек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақта ересектердің 70 пайызына вакцина салынған. Бұл туралы Еурокомиссия президенті мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
-
Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 15 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 13,2 млн гектар жерден (83,3%) дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерді құрап, 12 млн тонна астық түсті. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Тұлпар мініп, ту алған» байқауы жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектеп оқушылары арасында батырлар жырын жатқа айту бағытында «Тұлпар мініп, ту алған» байқауы қайта жалғасын табады. Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан хабарлады.
-
Ноғаев: Халықаралық қатынастардағы сенімді бастамаларды қолдауға дайынмын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен кездесті.
-
Ауа райы. Бес облыста ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет қызметі 16 қыркүйектегі ауа райына байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жариялады.
-
Ноғаев инфрақұрылым жобаларын іске асырып жатқан компания өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «NCOC» компаниясының өкілдерін қабылдады.
-
Азық түлік. Орталық Азияда жағдай ауырлап барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне арналған конференциясы өтті.
-
Ақтөбеде Төлеген мен Шәмшіге ескерткіш орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин облыстағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелерімен кездесу барысында айтты.
-
Жамбылдағы жарылыстан қаза болғандардың отбасыларына марапаттар тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жауынгерлік және қызметтік борышын орындауда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ел Президенті Жамбыл облысында қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушыларды марапаттады.
-
Еңбек және көші-қон заңнамасы мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы онлайн-кездесу өткізді.
-
NEET – жақсылыққа жаны құмар жастар ортасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында Жастар ресурстық орталықтары үшін оқыту семинарларының кешені басталды. Бұл іс-шара үш күн бойы жалғаспақ.
-
Тоқаев Тәжікстан президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркі елдеріндегі медиа алмасу мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Cұлтан қаласында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі елдеріндегі БАҚ. Жаңа жағдайдағы ынтымақтастықтың дамуы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған басқосу ХVII Еуразиялық медиафорумы аясында тұңғыш рет өтіп отыр.
-
#Тәуелсіздік30: Елордада бір уақытта мыңдаған оқушы ашық сабаққа қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада тәуелсіздік сабағы ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі елордалық 30-дан аса жетекші мектеп мұғалімі мен оқушыларына қашықтан «Жасампаздық пен даму жылдары» атты ашық сабақ өткізді.
-
Елорда көшелері сапаға сай келе ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолдарды жөндеу сапасы мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан көп жағдайда сапасы сын көтермей жатады дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Cұлтан қаласы бойынша филиалы Сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің бастығы Кәрібаев Қайрат Қалелханұлы.
-
Нұр-Сұлтанда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-19 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
-
Елорда тұрғыны алимент төлемегені үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Р есімді азамат 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың мамырына дейін материалдық мүмкіндігі болса да, алиментті қасақана төлемеген. Азаматтың қасақана жасаған әрекеттерінің салдарынан алимент бойынша қарыз 3 498 061 теңгеге жеткен.
-
Карантин: Алматыда кезекті тойдан 40 адам шығарылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда тағы бір той тоқтатылды. Бұл туралы мониторинг тобының өкілдері мәлімдеді.
-
Тоқаев Душанбе қаласына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына келді.
-
Шыңғыс Айтматов туралы деректі фильм түсірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан» корпорациясы Қырғыз тарапымен бірлесіп Шыңғыс Айтматов туралы деректі фильм түсіруде. Бұл туралы бүгін XVII Еуразиялық медиафорум аясындағы «Түркітілдес елдердің БАҚ-ы. Қазіргідей жағдайда ынтымақтастықты дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай айтты.
-
Малайзияда «дельта» штамының кеселінен індет өршіді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзияда пандемия басталғаннан бері инфекцияның 2 млн-нан астам жағдайы тіркелді.
-
Геннадий Головкиннің 2021 жылғы алғашқы қарсыласы кім болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британия боксшысы Крис Юбэнк-кіші келер жылы орта салмақта IBF пен IBO чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді.
-
Зейнетақыны қайта есептеу кезінде біз жұмыста түнедік. Ағыбаева ағынан жарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік салада 25 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан қызметкер Айжан Ағыбаева бұл саланың қыр-сыры мен осы уақыт аралығында қандай реформалар жасалғанын бізге берген сұхбатында айтып берді.
-
Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.
-
Депутат тұрғын үй кооперативтерінің қауіпті тұсын айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар тұрғын үй кооперативтеріне қатысты мәселені көтерді.
-
Санаққа қатыспағандарға айыппұл салына ма? Айдапкелов айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.
-
Санаққа тыныс-тіршіліктің шектелуі туралы сұрақтар неге енгізілді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.
-
Нұрғазы Көшкімбайұлы: Тәуелсіз елдің жастарына мүмкіндік өте көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз Тәуелсіздік алған жылы туған сәбилер бүгінгі күнде отызында орда бұзған, аяққа нық тұрған азаматтар мен азаматшаларға айналды. Тек өмірде ғана емес, өздері таңдаған кәсіби саланың да шыңын бағындырып келеді.
-
Айдапкелов санақтағы «біртүрлі» сұрақтар бойынша түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.
-
Айдапкелов: Санақта азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.
-
Қанша тірі бала тудыңыз? Айдапкелов санақтағы сұрақтың «тағдырына» қатысты пікір айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.
-
Тоқаев пен Путин Ауғанстандағы ахуалды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
-
Айдапкелов санаққа енгізілген деректерде қандай қателіктер кеткенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.
-
Инфекционист дәрігер коронавирустан кейінгі оңалту жолдарын атады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустан ауырып тұрған барлық науқастар оңалтуды қажет етеді. Бұл туралы Алматы қалалық №5 клиникалық ауруханасының дәрігері Ольга Антипова онлайн брифингте айтты.
-
Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысты заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
-
Таразда көлік аялдамадағы адамдарды қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік апаты салдарынан 2 адам мерт болды, деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
-
Депутат кәсіпкерлерге берілетін несиедегі шектеуді қысқартуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Сырым Ертаев «Даму» қоры өндірістік бағдарламасының лимиті және пайыздық субсидиялар мәселелеріне қатысты депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдады.
-
Паралимпиада ойындары чемпионының құрметіне мурал салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтяревтің құрметіне Қостанайда мурал салынды.
-
Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөлді қорғауға арналған шара өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөл көлін қорғауға бағытталған Şalqyma арт-перформансын өткізді. Қазақ халқы үшін киелі құс саналатын аққудың бейнесіне енген қылқалам шеберлері махаббат пен сұлулықтың символы мекен еткен көлге қоғамның назарын аударғылары келген.
-
Павлодар облысында билікте отырған әйелдердің саны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова Қазақстанның шығыс және орталық облыстарының өңірлік форумында айтты.
-
Халықты санақтан өтуге шақыратын бейнеролик жарыққа шықты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты тұрғындарды онлайн-халық санағынан өтуге шақыратын бейнероликті іске қосты.
-
Мақпал Мыса Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының аянышты жағдайы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақпал Тәжмағамбетова (Мақпал Мыса) Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановақа Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының аянышты жағдайына қатысты сауал жолдады.
-
Елімізде маусымдық тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасында маусымдық тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды. Алғашқы вакцинация алғандардың бірі Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой болды, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
-
«Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» атты кітаптың үшінші томы жарыққа шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның шығыс және орталық облыстарының өңірлік форумында Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина айтты.
-
Депутат қоғамда дау тудырған мәселені ашып айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттары Үкімет басшысына сауал жолдады.
-
БҰҰ: Жер бетіндегі халықтың барлығы 2022 жылдың соңына дейін егілуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер бетіндегі халықтың барлығы 2022 жылдың соңына дейін коронавирусқа қарсы егілуі керек. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Абдулла Шахид ұйымның 76-шы сессиясында айтты.
-
Сарыағашта 100 жастан асқан қариялар онлайн санаққа қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының 100 жастағы тұрғыны жалпыұлттық халық санағынан алғашқылардың бірі болып өтті.
-
Қапшағай диқандары күзгі жиын-терін науқанын ерте бастады
Алматы, BAQ.KZ. Шеңгелді ауылының шаруагерлері өз өнімдерін жинап, қамбаларына салуда. Соған орай, биылғы жыл диқаншылар үшін ауа райы да көмегін беріп, қолайлы болып тұр. Науқан жылдағыдан ерте басталды.
-
Ғалымжан Ниязов жыл басынан бері Маңғыстау облысында қанша мал қырылғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен «Маңғыстау облысының фермерлеріне көрсетілген көмек туралы және қысқы жемді жинау барысы туралы» брифингте айтылды.
-
Маңғыстау облысының қыс мезгіліне дайындығы туралы айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов мәлім етті.
-
8 айда заңды тұлғалардың 2 трлн теңгеден аса қаражаты қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді салық органдарына ақшасын қате аударғандардың төлемі ешқандайда өтінішсіз төлеушінің алдағы есебіне жазылады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
-
Оқушыларға БЦЖ екпесі қалай жасалады? Фоторепортаж
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз бойынша жылдағы дәстүрмен бірінші сыныптың табалдырығын аттаған оқушылар арасында туберкулезге қарсы вакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүлдіршіндерге екпе қалай салынады? Оның қандай талаптары бар? Ата-ананың қандай рұқсаты керек? Балаларға вакцинаның салыну жұмысымен танысып қайтқан болатынбыз.
-
Халық санағы кезінде алаяқтардан қалай қорғану керектігі айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков халық санағы кезінде алаяқтардан қорғану үшін азаматтарға интервьюерлердің ерекше киімдеріне назар аударуға кеңес берді.
-
Қуаңшылық. Маңғыстау облысына бөлінген 5,3 млрд теңге қалай игеріліп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов мәлім етті.
-
Санақтан бас тартқандарға жауапкершілік қарастырылған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков онлайн брифингте айтты.
-
Түркістан облысында инфекциялық төсек-орындар екі есе азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус науқастары азайып, инфекциялық стационарлар қайтадан жабылып жатыр.
-
Нығматулин: Буллинг қоғамға үлкен қауіп төндіре бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында баланың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
-
15 күнде қанша адам санақтан өткені белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков санақ басталғалы оған қанша адам қатысқанын мәлімдеді.
-
Қазақстандық блогерлер қандай тақырыптарды қозғайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуразиялық медиа форум барысында Jokeasses командасының мүшесі, продюсер Бексұлтан Қазыбек айтты.
-
Депутаттар мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілетті қайта бөлетін заң жобасын мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы екінші оқылымда мақұлдады.
-
Мәжіліс бала құқығын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады.
-
Қызылорда облысында жемқорлар 728 млн теңгеге шығын келтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Қанат Қожахметов «Antikorlive» жобасында айтты.
-
Қожахметов жұмыс орындары сатылатын салаларды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Қанат Қожахметов «Antikorlive» жобасында айтты.
-
Мәжілісте балалардың жағдайын жақсартуға арналған заң қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бірінші оқылымда қаралды.
-
Алдағы күндері үсік жүріп, жауын-шашын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, температура төмендейді.
-
Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 83,3% жиналды.
-
Инклюзивті білім: Түзету кабинеттеріне қалай кезекке тұруға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл инклюзивті білім беру туралы заңға өзгерістер енгізілді. Осы ретте мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі балаларға сапалы білім беру қызметтерін ұсынудың қандай жаңа тәсілдері әзірленгені туралы білдік.
-
Мәжілісте жаңа депутат ант берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Ғани Хамзин Қазақстан халқы алдында ант берді.
-
Жамбыл облысында 7 ауыл тұрғындары 100% екпе салдырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданының тұрғындары арасында екпе алу қарқынды жүріп жатыр.
-
Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қарағандыда алғаш рет үстел теннисінен рейтингтік халықаралық турнир өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан алғаш рет үстел теннисінен 2021 ITTF Kazakhstan International Open халықаралық турнирін өткізеді. Жарыс 15-19 қыркүйек аралығында Қарағанды үстел теннисі орталығында өтеді.
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 451,6 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 328,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 200,7 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.
-
Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Кімдер тісін тегін емдете алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Стоматологиялық көмек - медициналық көмектің ең қымбат тұратын қызметтерінің бірі.
-
ДСМ: 5,9 млн-нан астам адам екпенің екі дозасын да салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 15 қыркүйек күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
КВИ-ге шалдыққан 350 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 15 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.
-
4 123 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 4 123 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте елімізде 2930 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2930 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Елордада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға ынталандыру үшін елордада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады.
-
Қазақстанда қай жолдар ақылы болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы пайдалануға беруге дайын автокөлік учаскелерін атады.
-
Алматы облысында мектеп директоры асылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды.
-
Өзбекстанда президенттікке бес кандидат тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда 24 қазанда өтетін Президент сайлауына бес кандидат тіркелді.
-
Көпбалалы отбасыларға 2 200 000 теңгеден беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасыларға үй алу үшін алғашқы жарна ретінде 2 200 000 теңгеден беріледі.
-
Француздар бір аптадан бері наразылыққа шығуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының жанында дәрігерлердің міндетті вакцинациясына қарсы наразылықтар өтіп жатыр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Жамбыл облысында алтын қазған жігіттер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында заңсыз алтын қазған қылмыстық топ мүшелері құрықталды. Олардың бұл іске тыңғылықты дайындалғаны соншалық, тау ішінен шахта қазып, заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланған.
-
Қазақстаннан жеті айда 18 мыңнан аса адам кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұру үшін келіп, тіркелген адамдар саны 5 409-ды, елімізден кеткендердің саны 18 198 адамды, көші-қон сальдосы 12 789 адамды құрады.
-
5G қатерлі ісік пен аутизм тудыратыны рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде қазақстандықтар 5G технологиясына қатысты негізсіз пайыммен жаппай бөлісіп жатыр.
Наверх