Айдапкелов санақтағы «біртүрлі» сұрақтар бойынша түсініктеме берді

15 Қыркүйек 2021, 17:08
3707
Бөлісу:
Айдапкелов санақтағы «біртүрлі» сұрақтар бойынша түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.

Халық санағы аясында халықты жұмыспен қамту туралы деректерді жинау адамдар мен үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауды құрастыру, сондай-ақ жұмыс орындарын құрумен, жұмысқа орналастырумен, жұмыссыздықпен байланысты экономикалық және әлеуметтік мәселелердің кең ауқымы бойынша саясат пен бағдарламаларды жоспарлау үшін аса маңызды мәнге ие, - деді Нұрболат Айдапкелов.
Ол атағандай, санақ аралық кезеңде мұндай деректер іріктемелі зерттеу қорытындылары бойынша алынады.
Бүгінгі күні іріктеме мөлшері 4,8%-ды құрайды. Бұл деректерді тоқсан сайын – облыстар бойынша және жылына бір рет – аудандар бойынша алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар санақ деректері дезагрегацияның әр түрлі деңгейлеріндегі дереккөздерден деректерді салыстыру үшін бақылау ақпаратын алуға мүмкіндік береді. Әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық еңбек ұйымының қағидаттары қолданылады, - деді бюро басшысы.
Оның айтуынша, халық санағы аясында халықтың күнкөріс қаражатының көздері бойынша деректерді жинау жұмыс күші мен жұмыспен қамту мәртебесінің көрсеткіштерін толықтыратын маңызды тұжырымдама.

Бұл отбасының әл-ауқатының, кедейлік деңгейінің сипаттамасы. Санақ аралық кезеңде деректер арнайы іріктемелі зерттеу қорытындылары, сондай-ақ әкімшілік дереккөздер мен кәсіпорындар есептілігінің деректері бойынша алынады. Бүгінгі таңда іріктеме мөлшері 0,5% (12 000 үй шаруашылығы) құрайды. Бұл тоқсан сайынғы және жылдық негізде облыстар бойынша репрезентативті деректерді алуға мүмкіндік береді, - деді Айдапкелов.
Оның айтуынша, әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық еңбек ұйымы қабылдаған халықаралық қағидаттары қолданылады.
«Күнкөріс қаражатының көздері» бөлімі 1 негізгі және 2 қосалқы сұрақтан тұрады. Бөлімнің сұрақтарына 14 жастағы және одан үлкен тұрғындар жауап береді. Халық санағының қорытындысы бойынша жынысы, жасы, өңірлер бөлінісінде халықтың күнкөріс қаражатының көздері түрлері туралы деректер алынатын болады. Сонымен қатар кіріс мөлшері туралы деректер, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының кіріс деңгейіне қалай әсер еткені туралы ақпарат қалыптастырылады, - деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.
Бұған дейін Айдапкелов санақта азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетініне сендірді.

Өзгелердің жаңалығы