Таразда көлік аялдамадағы адамдарды қағып кетті

15 Қыркүйек 2021, 16:30
7320
Бөлісу:
Таразда көлік аялдамадағы адамдарды қағып кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік апаты салдарынан 2 адам мерт болды, деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

15 қыркүйек таңертең Сейфуллин көшесімен Б. Момышұлы көшесіне кетіп бара жатқан көлік жүргізушісі төрт адамды қағып кетті.

Салдарынан 40-45 және 60-65 жастағы екі әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті, тағы екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылды.


Олардың біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған, сол жақ жіліншігінің ортаңғы бөлігі сынған, оң жақ қолындағы төртінші және бесінші саусағы сынған.

Сонымен қатар тағы бір әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Зардап шеккен әйел бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оған амбулаториялық ем ұсынылған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 4-бабы, 345-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнынан бой тасалаған 23 жастағы көлік жүргізушісі ұсталды. Оның Тараз тұрғыны екені анықталды, - делінген ведомство хабарламасында.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. 
Құрметті жолаушылар, жолда абай болыңыздар! Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар, - деп хабарлады ПД басшысы Жанат Сүлейменов.

Өзгелердің жаңалығы