Депутаттар мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілетті қайта бөлетін заң жобасын мақұлдады

15 Қыркүйек 2021, 12:04
1182
Бөлісу:
Депутаттар мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілетті қайта бөлетін заң жобасын мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков таныстырды.

Айтуынша, аталған заң жобасы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген. Осы заң жобасы биыл 2 маусымда бірінші оқылымда мақұлданды. 

Заң жобасымен жұмыс жасау барысында депутаттар мыналарды көздейтін түзетулер енгізді:

  • Үкіметтің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы және су шаруашылығы саласындағы жекелеген өкілеттіктерін сақтауы;
  • агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органнан жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану саласындағы органға асыл тұқымды балық өсіруді дамыту бойынша құзыреттер беру;
  • аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік салаларындағы рұқсат беру рәсімдерін жүргізу;
  • аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жөніндегі нормаларды нақтылау.
Сондай-ақ жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізілді, - деп айтты Мәжіліс депутаты.

Депутат баяндағандай, заң жобасы бойынша 172 түзету келіп түсті. Олар жұмыс тобының 18 отырысында, комитеттің кеңетілген отырыстарында мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен қаралды.

Мәжілістің барлық комитеті заң жобасы бойынша оң қорытынды берді. Осыған орай заң жобасын тұтастай мақұлдап, ҚР Парламенті Сенатының қарауына жіберуді ұсынамыз, - деп толықтырды Ахметбеков.

Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, Сенат қарауына жіберді.

Өзгелердің жаңалығы