Ноғаев инфрақұрылым жобаларын іске асырып жатқан компания өкілдерімен кездесті

15 Қыркүйек 2021, 22:13
3914
Бөлісу:
Ноғаев инфрақұрылым жобаларын іске асырып жатқан компания өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «NCOC» компаниясының өкілдерін қабылдады.

Кездесу барысында Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдайдың қарастырылғаны аталып өтті. «NCOC» компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазар аймақ басшысына осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.

Айта кетсек, NCOC компаниясы облыста бірқатар әлеуметтік – инфрақұрылымдық жобаларды іске асырды. Атап айтқанда, 180 орындық модульді жұқпалы ауруханасы, оқушылар сарайының құрылысы, Ақтау қаласының шағын аудандарын абаттандыру және 500 орындық студенттер жатақханан салды.   

Қазіргі уақытта «NCOC» компаниясы Маңғыстау ауданындағы Тасмұрын және Тиген елді мекендеріне газ тарату жүйесін жүргізуді, Форт-Шевченко қаласында 100 орындық жатақхана мен 260 орындық өнер мектебін салуды, тап осындай өнер мектебін Қарақия ауданының Құрық ауылында салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Форт-Шевченко қаласында тәулігіне бес мың текше метр теңіз суын тұщытатын станция құрылысын жүргізуді көздейді.

Облыс әкімі компания өкілдеріне табысты әріптестік үшін алғыс айтып, азаматтық қоғаммен байланысты арттыруға және осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға шықырды. Өңір басшысының айтуынша үкіметтік емес ұйымдарды компания тарапынан қолдау аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізеді.

Өзгелердің жаңалығы