Халық санағы кезінде алаяқтардан қалай қорғану керектігі айтылды

15 Қыркүйек 2021, 13:15
2608
Бөлісу:
Халық санағы кезінде алаяқтардан қалай қорғану керектігі айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков халық санағы кезінде алаяқтардан қорғану үшін азаматтарға интервьюерлердің ерекше киімдеріне назар аударуға кеңес берді.


Интервьюерлер 1-30 қазан аралығында үйлерді аралайды. Әрбір интервьюер-көшірушіде өзімен бірге Алматы Статистика департаментінің фотосуреті мен мөрі бар куәлігі, шарф, сондай-ақ ұлттық санақ символикасы бар сөмке және деректерді енгізуге арналған электрондық планшет болады. Құжаттың дұрыстығын sanaq.gov.kz сайтында тексеруге болады. Ол үшін куәліктің нөмірін «интервьюерді іздеу» арнайы іздеу жолына енгізу және ақпараттың шындыққа сәйкестігін тексеру қажет, - деді ол.


Жалпыұлттық халық санағы 1 қыркүйекте басталып, әзірге онлайн форматта өтуде. Алматы тұрғындарының үйден шықпай немесе санақ учаскелерінде электрондық бланкілерді толтыру мүмкіндігі бар.

Санақ сауалдарында 91 сұрақ енгізілген, демографиялық, тұрғын үй, жұмыспен қамту мәселелерінен басқа, қала тұрғындарының денсаулығы туралы сұрақтар бар, оның ішінде респондент коронавируспен ауырды ма, вакцинацияланды ма деген сұрақтар да бар. Департамент басшысы сауалнамаларға пандемияның әсері туралы сұрақтарды не үшін қосқанын түсіндірді.

Қазақстандықтардың жауаптары зерделенеді, олар бойынша респонденттердің жалпы жағдайы туралы білуге болады. Алынған мәліметтер тексеріліп, өңделеді. 2022-2023 жылдары он жинақта жарияланатын қорытынды шығару жоспарланған және ол келесі көрсеткіштерді қамтиды: ұлттық құрам, көші-қон, білім беру, Неке және отбасы, үй шаруашылығы, жұмыспен қамту, табыс және өмір сүру қаражатының көздері, тұрғын үй сипаттамалары, - деді А. Әбілдабеков.

Өз кезегінде санақ қорытындысы экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты айқындау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады.



Өзгелердің жаңалығы