8 айда заңды тұлғалардың 2 трлн теңгеден аса қаражаты қайтарылды

15 Қыркүйек 2021, 13:33
3019
Бөлісу:
8 айда заңды тұлғалардың 2 трлн теңгеден аса қаражаты қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді салық органдарына ақшасын қате аударғандардың төлемі ешқандайда өтінішсіз төлеушінің алдағы есебіне жазылады. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Демек, салықтық берешекті өтеу есебі бойынша есепке жатқызуды жүргізген жағдайда салық төлеушінің өтініші талап етілмейді.

Биылғы 8 айда:

1) салықтық берешекті өтеу есебі және алдағы төлемдер есебі бойынша:

- заңды тұлғалар бойынша 687,9 млрд теңге сомаға 187 мыңнан астам есепке жатқызу жүргізілген;

- дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бойынша 9528, 7 млрд теңге сомаға 482 мыңнан аса есепке жатқызу жүргізілген.

2) банк шотына қайтару:

- заңды тұлғалар бойынша 2201,7 млрд теңге сомаға 51 мың қайтарым жүргізілген;

- дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бойынша 8,7 млрд теңге 116 мыңнан астам қайтарым жүргізілген.

Жеке шоттары мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілмейтін бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру басқа уәкілетті органдармен жүргізіледі. Әрекеттерді жасамауды растайтын және тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген құжаттар негізінде есепке жатқызу мен қайтару жүргізіледі, - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Айта кетейік, МКК-де 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жүргізудің мерзімдері 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылғанын еске салды.


Өзгелердің жаңалығы