Алматы облысында мектеп директоры асылып қалды

15 Қыркүйек 2021, 06:21
2719
Бөлісу:
Алматы облысында мектеп директоры асылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды.

Қайғылы оқиға 10 қыркүйекте орын алған.

1975 жылғы ер адам Ұйғыр ауданының Ават ауылындағы үйінің қорасында асылулы күйінде табылды. Оның артында үш баласы қалды, олардың екеуі кәмелетке толмаған, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тергеу жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі, яғни "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп атап өтті департаменттегілер.

Өзгелердің жаңалығы