Қуаңшылық. Маңғыстау облысына бөлінген 5,3 млрд теңге қалай игеріліп жатыр?

15 Қыркүйек 2021, 13:05
2260
Бөлісу:
Қуаңшылық. Маңғыстау облысына бөлінген 5,3 млрд теңге қалай игеріліп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов мәлім етті.

Ол қазіргі таңдағы Маңғыстау облысында қабылданып жатқан шараларға тоқталып кетті.

Статистикалық мәліметке сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша облыстың 629 336 мал басы тіркелген. Ал бүгінгі таңдағы біріздендірулерден кейін тіркелген мал саны 639 493. Мал азығымен қамтамасыз ету бойынша бүгінгі таңда облыс аудандарына 41 470 тонна шөп әкелінді. Ендігі мәселе қыс айларына 35 530 тонна шөп әкелу жоспарда бар. Оның ішінде 25 500 тоннасы өзге облыстан тасмалданатын шөп. Жергілікті шабылатын шөптің қоры 10 мың. Өңірдегі Кенділік пен Қызылсай қорына қарасты жерлерден жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқаратын боламыз, - дейді ол.

Ғалымжан Мұқановтың мәлімдеуінше, Үкіметтен бөлінген қаражаттарды игеру үшін жергілікті әкімдіктер мен ауданнан операторлар тағайындалады.

Бөлінетін қаржыларға келетін болсақ, жыл ортасында облысқа 204 млн теңге қаржы бөлінді. Оның шөпке 150 млн теңгесі бөлініп, басқа облыстардан шөп әкелінді. Нақтырақ айта кетсек, шөптің салмағын есептегенде 55 теңгеден сатылды. Сонымен қатар 54 млн теңге жемге бөлінді. Қазіргі уақытта қысқы айларға жоспар ретінде Үкіметтің қолдауымен 5,3 млрд теңге жоспарланған. Бүгінгі таңда 1,1 млрд теңгесі бөлінді. Ал жем үшін 1 млрд теңге бөлінді, - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы