Айдапкелов: Санақта азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

15 Қыркүйек 2021, 17:01
2503
Бөлісу:
Айдапкелов: Санақта азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да айтты.

Санақ өткізу кезіндегі басты мәселелердің бірі – азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі. Санақ кезінде азаматтардан алынатын барлық ақпарат қорғалған байланыс арналары арқылы бюроның орталық серверіне беріледі. Мұнда барлық берілетін дерекке криптографиялық қорғау құралдары пайдаланылады, - деді Айдапкелов.
Ол атағандай, бюроның ақпараттық жүйесі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері тізіміне енгізілген және ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мониторингінде тұр.
Сондай-ақ біздің жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізілді және оң нәтиже алынды. «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ sanaq.gov.kz санақ бойынша ақпараттық ресурстың қолжетімділігіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді және хакерлік шабуылдардың алдын алуды қамтамасыз етеді, - деді ол.
Оның айтуынша, PlayMarket сервисінде Аndroid құрылғыларына арналған «Онлайн халық санағы-2021» қосымшасы пайда болды.

Осыған байланысты біз бұл платформа ресми емес деп мәлімдедік және біз осы қосымшаны пайдаланған респонденттердің деректерінің құпиялылығына кепілдік бермейміз. Осы ақпарат жарияланғаннан кейін бір күн өткен соң, қосымша PlayMarket қызметінен жойылды. Қорытындылай келгенде жиналатын деректер демографиялық-экономикалық болжауларды жетілдіруге, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға, құрылыс саласын айқындауға, халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, табысын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға септігін тигізетін ауқымды ақпарат беретін болады, - деді Айдапкелов.
Еске салсақ, Айдапкелов санақтағы «Қанша тірі бала тудыңыз?» деген сұрақтың «тағдырына» қатысты пікір айтты.

Өзгелердің жаңалығы