Мәжілісте балалардың жағдайын жақсартуға арналған заң қаралды

15 Қыркүйек 2021, 11:20
2041
Бөлісу:
Мәжілісте балалардың жағдайын жақсартуға арналған заң қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Мәжілісі депутаты Динара Зәкиева атағандай, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы нәтижелі құқықтық негізді қалыптастыру және балалардың мүддесі үшін заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.

Заң жобасында қолданыстағы заңнамаға балалардың әл-ауқатына қатысты әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Біріншіден, заң жобасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға арналған инфрақұрылым жетіспеушілігін шешу көзделеді. Бұл норма оңалту қызметтерін республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда және аудандарда көрсету мақсатында денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы объектілерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтарын құру бойынша обдыс, республикалық маңызы бар қалалар және елорданың жергілікті атқарушы органдарының құзыретін кеңейтуді бекітеді, - деді Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева.

Осылайша оңалту орталықтарын кеңейтуге мүмкіндік жасалады.

Мектеп - жеке дамудың, балалардың психикалық және эмоционалды денсаулығының қайнар көзі. Бірақ мектепте балалардың қауіп-қатерге немесе жәбірлеуге ұшырауы да сирек емес. Бұл баланың денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, мектеп климатына да теріс әсер етеді. Сондықтан заң жобасында білім беру процесінде жәбірлеудің алдын алу тетіктерін реттеу көзделеді, - деп атап өтті ол.

Заң жобасында білім беру мекемелерінің педагогикалық құрамы мен қызметкерлері көмекке мұқтаж балаға уақытылы көмек көрсету жөніндегі әдіснамамен, сондай-ақ балаларға жәбірлеудің белгілерін түсіндіретін және бір-біріне құрметпен қарауға баулитын бағдарламалармен қамтамасыз етілетіндей жәбірлеудің алдын алудың осындай нысаны ұсынылады.

Айтуынша, бұл түзету 3 млн-нан астам оқушының жағдайы мен өмірін жақсартуға бағытталған.

Қазақстан қоғамы үшін тағы бір өзекті мәселе - балалар мен жасөсірімдер арасындағы суицид. Статистика бойынша 2021 жылғы 6 айда елде аяқталған 105 суицид дерегі және 193 суицид әрекеті тіркелген. Бұл ретте бірқатар өңірде суицид көрсеткішінің өсуі байқалады: Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл - өте қорқынышты көрсеткіш. Осыған байланысты заң жобасында бұл мәселені шешу үшін орта білім ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын үйлестіру тетіктерін реттеу ұсынылады, - деп толықтырды депутат.

Сонымен қатар заң жобасы аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй құқығын қорғауға қатысты түзетулер қарастырылып жатыр. Тұрғын үйге мұқтаж жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз балаларды уақытылы есепке алуды қамтамасыз ету үшін мұндай балаларды есепке қою мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқарту ұсынылады.

Қазақстан қоғамы үшін тағы бір өзекті мәселе балалар мен жасөсірімдер арасындағы суицид. Статистика бойынша 2021 жылғы 6 айда елде аяқталған 105 суицид дерегі және 193 суицид әрекеті тіркелген. Бұл ретте бірқатар өңірде суицид көрсеткішінің өсуі байқалады: Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл өте қорқынышты көрсеткіш. Осыған байланысты заң жобасында бұл мәселені шешу үшін орта білім ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын үйлестіру тетіктерін реттеу ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы