«Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» атты кітаптың үшінші томы жарыққа шығады

15 Қыркүйек 2021, 15:17
4345
Бөлісу:
«Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» атты кітаптың үшінші томы жарыққа шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның шығыс және орталық облыстарының өңірлік форумында Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина айтты.

Ауыл әйелдерінің форумдары жыл сайын өзекті болып барады. Бұл іс-шара 2018 жылы бастау алған болатын. Содан бері жыл сайын 14 облыстық форумға Қазақстанның 163 ауданынан 2 100-ге жуық ауыл әйелдері қатысты. Елімізде іскер әйелдердің қатысуымен өтіп жатқан талай іс-шаралар болса да, бұл форумның орны ерекше. Себебі, ауыл өмірінің барлық салаларын қамтитын әйелдерді облыс әкімдіктерінің көмегімен іріктеп, бір алаңда жинау, алғаш рет дәл осы форум аясында мүмкін болды. Бұл – форумның ынтымақтастық пен тұрақты диалог алаңына айналғандығының белгісі. Жылдан-жылға форумдарымыздың тақырыбы күрделеніп, қыз-келіншектердің жеткен жетістіктері артып келеді, - деді Айсина.

Ол атағандай, бүгінгі форумға қатысып отырған әр делегаттың орны ерекше, еңбегі ерен.

Сол үшін де Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының жетістікке жеткен әйелдерінің тарихтары «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» атты екі кітапқа енгізілген. Биылғы жылы үшінші кітапты баспадан шығаруға жоспарлап отырған жайымыз бар. Осы кітаптың бетіне өз еңбектерімен айтулы жетістіктерге қол жеткізген өткен жылдардың 200 кейіпкеріне биыл тағы 100-ден аса жаңа есім енгізіледі, оның ішінде сіздердің ауыл әйелдерінің тарихтары қосылады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы