БҰҰ: Жер бетіндегі халықтың барлығы 2022 жылдың соңына дейін егілуі керек

15 Қыркүйек 2021, 14:54
5540
Бөлісу:
БҰҰ: Жер бетіндегі халықтың барлығы 2022 жылдың соңына дейін егілуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер бетіндегі халықтың барлығы 2022 жылдың соңына дейін коронавирусқа қарсы егілуі керек. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Абдулла Шахид ұйымның 76-сессиясында айтты. 

Оның айтуынша, діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін қолдан келгеннің барлығы жасалатын болады. Осы ретте ұйым келесі жылдың бас кезінде әлем елдерін вакцинамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты кездесу ұйымдастырып, екпені бөлудегі олқылықты талқылауды көздеп отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне вакцина бөлуде теңсіздік орнағанын айтып, дамыған елдерді сынға алған еді.


Өзгелердің жаңалығы