Маңғыстау облысының қыс мезгіліне дайындығы туралы айтылды

15 Қыркүйек 2021, 13:43
2619
Бөлісу:
Маңғыстау облысының қыс мезгіліне дайындығы туралы айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов мәлім етті.

Оның айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы тамыз айында жем-шөп өнімдерін тасымалдау үшін 75 пайыз жеңілдік берген. Бұл облыстағы қазіргі мәселенің шешілу барысын жеңілдеткен. Сондай-ақ ол Маңғыстау облысына қыс мезгіліне арналған қоймадағы шөп көлемінің жағдайы қалай екенін айтты.

Қаржы өңіріміздің мал басына сәйкес бөлінеді. Қысқы азық мәселесі бойынша Қарақия ауданына жиналған шөп қоры 175 тонна, Түпқараған ауданына жиналған қор - 7404 тонна, Маңғыстау ауданында жиналған шөп -50 тонна. Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен қаласына шөп жинақталу үстінде, - деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар Ғалымжан Ниязов өңірдегі жем орындалысы туралы айтты. Оның мәлімдеуінше, биыл жоспар бойынша 53 мың тонна жем болуы қажет. Ал оның қазіргі уақыттағы орындалу процесі 45 пайыз. Қалған 23 629 тоннасы тасымалдану үстінде.

Үкіметтен бөлінген 5,3 млрд теңге қаражаттың 1,1 млрд теңгесі жемді тасмалдауға бөлінді. Шөп және жемнің тасымалдануы бойынша шілде айында Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарымен келісім жасадық. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарымен келісім үстіндеміз. Онымен қоса бізде Азық-түлік корпорациясы бар. Облыста бұл компаниялар белсенді түрде оң септігін тигізуде. Бүгінгі таңда 30 мың тонна жемді көршілес облыстардың элеваторларына дайындап қоятындарын айтты, - дейді Ғалымжан Ниязов.



Өзгелердің жаңалығы