Түркістан облысында инфекциялық төсек-орындар екі есе азайды

15 Қыркүйек 2021, 12:40
5174
Бөлісу:
Түркістан облысында инфекциялық төсек-орындар екі есе азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус науқастары азайып, инфекциялық стационарлар қайтадан жабылып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысында инфекциялық төсек-орындар саны 3600 болса, бүгінде оның саны 2000-ға қысқарған. Бүгінде төсек-орын жүктемесі 33%. 

Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 13 608 жағдайы анықталды. 

Оның 7138-і симптомсыз өткен. Айта кетейік, соңғы тәулікте COVID-19 індетінің 34 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0.25%-ды құрайды. Сондай-ақ егу науқаны басталғалы 800 мыңнан астам адам вакцина салдырған. 

87% көрсеткішпен Түркістан облысы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан елімізде көш бастап тұр.

Екпенің екінші компонентін 600 мыңнан астам адам қабылдаған. ІІ кезең бойынша вакцинациялау қамту пайызы - 67,8%. Қазір облыс аумағында 141 екпе қабылдау пункттері жұмыс істейді. Жалпы бүгінге дейін 1 003 240 ПТР сынамасы алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 1098 адам тексерілді.

Бүгінде вакцина сақтайтын қоймада көлемі 300 литр құрайтын 2 мұздатқыш (-20оС) бар. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр 20 және 601 литр болатын 2 мұздатқыш сатып алынып, толық жеткізілді.


Өзгелердің жаңалығы