Все новости за 4 шілде 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордадағы ерекше концерт
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда күніне орай 1-6 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласының елді мекендерінде «Думанды керуен» көшпелі концерті өтеді. Айта кету керек, өнер көрсететін әртістердің бәрінде КВИ-ге теріс нәтижесі бар ПТР-тестілер бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Ұлттық домбыра күні. Көлгінов ерекше челлендж бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ұлттық домбыра күніне орай астаналықтарды мерекемен құттықтай отырып, тамаша челленджге қатысуға шақырды.
-
ҚМА: Жаңадан қабылданған Заң рейдерлікке қарсы тиімді мүмкіндік береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев рейдерлікке қарсы күресті күшейту туралы Заңға қол қойған болатын.
-
«Балалар әдебиеті жылы» аясында жарық көрген кітаптар тізімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен «2021 - Балалар әдебиеті жылы» аясында «Алтын сақа» балалар баспасынан 100 кітап жарыққа шығып, тұсаукесері өткен еді.
-
Министр: Домбыра - қазақтың сан ғасырлық шежіресін қос ішегіне сыйғызған баға жетпес қазына
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақ елін бүгінгі Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтады.
-
Өзге этнос жастары қазақ тілін меңгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктердің жас өкілдері үшін қазақ тілін қолдануын кеңейту мақсатында арнайы жазғы оқыту бағдарламаны ұйымдастырды.
-
Министр мектепте домбыра сабағы қалай жүрілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ел тұрғындарын бүгінгі Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтады. Бұл туралы министр өз парақшасында жазды.
-
Нұр-Сұлтан күніне орай "шаптырып тұрған балаға" шапан жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал "Маннекен-Пис" фонтанына қазақ шапан мен бас киімі кигізілді. Ол "Тіл-Қазына" қазақ мәдени орталығының бастамасымен және Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің қолдауымен жасалған.
-
БҚО денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал соты Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қаюповты жемқорлық айыбы бойынша кінәлі деп тауып, төрт жарым жылға бас бостандығынан айырды. Экс-шенеунік жазасын қоныс колониясында өтейді.
-
Дәурен Нұралинов 2021 жылғы Qazaqstan Barysy атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ күресінен осымен оныншы рет ұйымдастырылған Qazaqstan Barysy республикалық додасының жеңімпазы анықталды.
-
Күнделікті шие жесе организмде қандай өзгерістер болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шие (черешня) ең пайдалы жидектердің бірі. Бұл керемет энергия көзі болып саналады, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің көру қабілетін жақсартады, ас қорыту мен мидың жұмысын жақсартады, бұлшықет құрысуы мен ауырсынуды басады.
-
Филиппинде ұшақ апатынан көз жұмғандар саны 29-ға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппинде әскери ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 29 адамға жетті деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
-
Қытай ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні Бейжің уақытымен сағат 11:02-дегі жағдай бойынша қытайлық ғарышкерлер Лю Бомин мен Тан Хунбо Қытайдың «Тяньхэ» ғарыш стансасы негізгі модулінің тораптық кабинасынан ашық ғарышқа шықты деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
-
Маңғыстау облысында ер адамды үш ай бойы құлдықта ұстаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының 59 жастағы тұрғыны еңбек құлдығында жүрген деп хабарлайды 24.kz.
-
Еліміздің екі өңірінде карантин күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында карантин күшейтілді, жаңа қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді. Сонымен қатар Атырау облысында да карантин күшейтілді, қаулы 5 шілдеден бастап күшіне енеді.
-
Әскери ЖОО-да білім алу: артықшылық пен ерекшелік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары спикер Әсет Қайролдаұлы әскери ЖОО-ның айырмашылығы мен артықшылығы туралы айтып берді.
-
Сенат төрағасы Домбыра күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев барша жұртты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
-
ІІМ-де басым бағыттар назарға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-де ішкі істер органдары жұмысының қорытындысы шығарылған кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Нұр-Сұлтан – тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана күні қарсаңында Алматының белгілі мәдениет қайраткерлері Нұр-Сұлтан қаласына өз құттықтауларын арнады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Елордада күніне 8 мыңдай адам КВИ-ге қарсы екпе алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада вакцина алатындар саны 5 есе өсті. СОО-да және сауда үйлерінде орналасқан егу пунктерінде вакцина алғысы келетіндер кезекке тұрып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Жыл өткен сайын Алаштың абыройы асқақтап, беделі биіктей береді – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Алматыда көпбалалы аналарға тегін қызмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана күніне орай Алматыда көпбалалы аналарға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді.
-
Атырау облысында карантин күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының бас санитары карантиндік талаптарды күшейтуге арналған жаңа қаулыны жариялады.
-
37 балуанның қатысуымен Qazaqstan Barysy басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Qazaqstan Barysy республикалық турнирі басталды.
-
Президент: Домбыра – қазақтың жаны
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күніне арналған концертке барды. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, Елбасының бастамасымен домбыраны ұлықтау мерекесін өткізу игі дәстүрге айналғанын айтты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Алаш арыстарына арналған ескерткіш ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының қатысуымен Алаш арыстарына ескерткіш ашылды, деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.
-
Түркияда домбыра күні атап өтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйытқысымен өткен іс-шараны саясаткерлер, қоғамдық қайраткерлер, шетелдік дипломатия миссия өкілдері мен қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Рухты көтеретін күйлердің санында шек жоқ. Баба аспап үні күй болып төгіліп, ән болып қалықтады.
-
«Тур де Франс»: Алексей Луценко үшінші орынға көтерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Велоспорттан «Тур де Франс» көпкүндігінің сегізінші кезеңі аяқталды.
-
Алматыдағы Алатау ауданында вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алатау аудандық әкімдігінде вакцина алған азаматтар арасында тұрмыстық техника ұтыс ойыны өткізілді. 2 мен 30 маусым аралығында ауданның барлық екпе пункттерінде ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік беретін лотерея билеттері таратылды.
-
Алматыда «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында астана күніне орай «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубы өз есігін ашты.
-
Италияда «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың итальян тіліндегі «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.
-
Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды.
-
Таңертең сергек болу үшін кофеден басқа не ішуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңнан өзіңді сергек сезіну үшін кофеден басқа не ішуге болатыны туралы диетолог, нутрициолог Анна Белоусова айтты.
-
Назарбаев: Домбыра – қазақтың паспорты мен бренді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді.
-
Қызылордадағы ұшақ апаты: Қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тергеу Қызылордада АН-2 апаттық қону фактісі бойынша басталды. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Әбдіқалықова: Домбыраның үні дүниежүзіне тарап, әлем мойындаған құндылыққа айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қазақстандықтарлы Домбыра күнімен құттықтады.
-
ДСМ КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 4 шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Қызылорда маңында АН-2 ұшағы құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 шілде күні сағат 07:00 шамасында Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш алқаптарын өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлады.
-
Еуро-20 чемпионатының жартылай финалына шыққандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалы өз мәресіне жетті.
-
Әшімбаев: Домбыраның қадірін арттыру арқылы ұлттық кодымызды жаңғырту – бәріміздің абыройлы міндетіміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.
-
COVID-19. 578 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 4 шілдедегі ақпаратты жариялады.
-
Коронавирус. Павлодар облысы «қызыл» аймаққа енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Бүгін – Ұлттық домбыра күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Ұлттық домбыра күні. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспбының күні ретіне тойланып келеді.
-
1594 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1594 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 3003 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 3003 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Маңғыстау облысында шаруа қожалығының иесі 59 жастағы азаматты құлдықта ұстаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында шаруа қожалығының иесі 59 жастағы азаматты 3 ай бойы құлдықта ұстағаны анықталды.
-
Қазақстанда үш университет диплом беру құқығынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық үш жоғары оқу орнының енді диплом беруге құқығы жоқ. Ендігі кезекте олардың білім беру қызметіне аккредитациясы жоқ.
-
Үндістанда коронавирустан 400 мыңнан астам адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда соңғы бір тәулікте 800-ден астам адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Өзбекстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда бірнеше әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылды. Бұл туралы елдің Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәлімдемесінде айтылған.
-
Елордада Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтанда Алаш партиясының жетекшілеріне арналған ескерткіш орнатылатынын мәлімдеді.
-
Алматыда күннің ыстығынан жолдағы бетон плиталар көтеріліп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Алматы-Қорғас тас жолында бетон плиталар орнынан жылжып кеткен. Жол жабыны көтеріліп, бірнеше көлік зақымдалды.
-
12 жастағы британдық Токио Олимпиадасының ең жас спортшысы атанбақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы Олимпиада ойындарына Британия елі құрамасының ең жас спортшысы, 12 жасар қыз да қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
-
Спорттық гимнастикадан Қазақстан біріншілігі аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда спорттық гимнастикадан ел біріншілігі өтті.
-
Нұр-Сұлтанда «Өнер көкпары» турнирі өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3-4 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Өнер көкпары» республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жоба жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Досымжан Таңатаров хабарлады.
Наверх