Алматыда күннің ыстығынан жолдағы бетон плиталар көтеріліп кетті

4 Шілде 2021, 03:36
2980
Бөлісу:
Алматыда күннің ыстығынан жолдағы бетон плиталар көтеріліп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Алматы-Қорғас тас жолында бетон плиталар орнынан жылжып кеткен. Жол жабыны көтеріліп, бірнеше көлік зақымдалды.

Әлеуметтік желілерде Алматы-Қорғас тас жолында бетон плиталар қайта көтерілгені туралы ескерту айтылған видеолар тарап жатыр.

Шелек жақтан келе жатсаңыз Маловодноеға жетпей бетондар қайта көтеріліп кеткен. Абай болыңдар, жігіттер, – дейді видео авторы.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2021 жылы 2 шілдеде «Алматы-Қорғас» (Бәйдібек Би кенті ауданында) автомобиль жолының ақылы учаскесінің 86-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуінен бетон плиталар ығысып, жүріс бөлігінің жабыны көтеріліп кеткен. 

«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері әкімшілік полициямен бірлесіп жедел түрде ескерту жол белгілерін орнатты, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде полицияның патрульдік көлігі қойылды. Осы учаскедегі ақау жедел жойылды.

«ҚазАвтоЖол» уақытша қолайсыздықтар туындағаны үшін кешірім сұрайды және жол пайдаланушыларына уақтылы хабардар еткені үшін алғыс білдіреді, – деді компания өкілдері. 


Өзгелердің жаңалығы