Нұр-Сұлтан – тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды

4 Шілде 2021, 16:17
4114
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан – тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана күні қарсаңында Алматының белгілі мәдениет қайраткерлері Нұр-Сұлтан қаласына өз құттықтауларын арнады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Қазақстан астанасының бірегейлігі мен сұлулығын ерекше атап өтті.
Барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын. Жыл сайын біз еліміздің жетістігін атап өтеміз. Бүгінде Нұр-Сұлтан әсем үйлері мен саябақтары бар әдемі қала. Бұл заманауи, бірегей, дамыған мегаполистің үлгісі. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы бізге жаңа өмір сыйлады. Жаңа қала, жаңа құрылыстар, даңғылдар. Нұр-Сұлтан тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды, - деді әнші.

Роза Рымбаева Қазақстанның әрбір қаласы дамып, өркендеу керектігін айтты.
Өзгелердің жаңалығы