Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды

4 Шілде 2021, 11:56
4249
Бөлісу:
Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды.

Күдіктіні 2 шілде күні Алматы облысының полицейлері ұстады. Күдікті 34 жастағы ер адам.

Тергеу аясында күдікті ер адам мінген көлік анықталып, тәркіленді. Күдікті Қазақстан ҚІЖК-нің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстан ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді, - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 26 маусым күні сағат 12.20-да «Алматы-Өскемен» автожолы, «Арқарлы» асуы учаскесі маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жанжал шығып, автокөліктегі белгісіз біреулер  қарудан Алматы облысыПД бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков отырған автомашинаға оқ атқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы