Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының бас санитары карантиндік талаптарды күшейтуге арналған жаңа қаулыны жариялады.
Сауда үйлері мен сауда-ойын сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% - нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) тек қана жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл ретте оларда орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады,- делінген қаулыда.
Одан бөлек сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, спорт кешендері, фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары (оларда орналастырылған бассейндер, сауналар, СПА, массаж, пилинг), сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
«Аshyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режимі сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін созылады. «Ashyq» жобасына қосылған нысандарды қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салынып отыр.
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы 2021 жылғы 5 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: