ҚМА: Жаңадан қабылданған Заң рейдерлікке қарсы тиімді мүмкіндік береді

4 Шілде 2021, 22:22
4065
Бөлісу:
ҚМА: Жаңадан қабылданған Заң рейдерлікке қарсы тиімді мүмкіндік береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев рейдерлікке қарсы күресті күшейту туралы Заңға қол қойған болатын.

Осыған байланысты, жаңа ережелердің бөлігі Қаржылық мониторинг агенттігімен басқа мемлекеттік органдар және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, пысықталды.

Жаңа енгізілімдердің бірі кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бөлігінде заңнаманы ізгілендіру болып табылады.

Егер бұрын ірі залал келтірілген жағдайда салықтарды немесе басқа да міндетті төлемдерді төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылса, қазір егер төленбеген салықтардың сомасы күнтізбелік жыл ішінде  салық төлеушінің есептелген барлық салықтары мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері сомасының 10% аспаса, жауапкершілікке тартылмайды.

Қазіргі таңда шағын қателіктен ірі кәсіпорындар ҚК-тің 245-бабына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін. Сондықтан шектерге қосымша шарт қойылады. Егер 10% болмаса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Рейдерлік басып алуға қатысты ішкі корпоративтік басып алу тәсілдері бойынша нақтылаулар қосылған және санкциялар күшейтілген.

Мысалы, құқық қорғау, бақылаушы немесе сот органдарының ресурстары мен өкілеттіктерін пайдалана отырып жасалған "сыртқы, күштік" рейдерліктің ауыр құрамы енгізілді.

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру бөлігінде қылмыстық заңнама бұзушылықтардың түрлері бойынша нақты нормалармен толықтырылды.

Сонымен қатар, заңсыз кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жауапкершілігі күшейтіліп, бап ауырлығы аз қылмыстар санатынан орташа ауырлықтағы қылмыстарға ауыстырылды.

Бұл түзетулер бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыруға, рейдерлікке неғұрлым тиімді қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді және құқық қорғау органдары тарапынан бизнеске негізсіз араласу үшін жауапкершілікті күшейтпек.

Өзгелердің жаңалығы