Күнделікті шие жесе организмде қандай өзгерістер болады

4 Шілде 2021, 19:45
7500
Бөлісу:
Күнделікті шие жесе организмде қандай өзгерістер болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шие (черешня) ең пайдалы жидектердің бірі. Бұл керемет энергия көзі болып саналады, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің көру қабілетін жақсартады, ас қорыту мен мидың жұмысын жақсартады, бұлшықет құрысуы мен ауырсынуды басады.

Сұрыптың түріне байланысты шие жидектерінің мөлшері мен түсі әртүрлі болады. Бірақ пайдалы элементтердің мөлшері бірдей. Әр сорттың құрамында Е, С, B3, B4, B5 дәрумендері, сонымен қатар минералдар: темір, калий, магний, кальций, фосфор бар.

Кез келген күрең қызыл түсті жидектерде пайдалы фитонутриенттер, полифенолдар бар, оларды күнделікті қолданған кезде организмнің қартаюын тежейді, - деді диетолог Ирина Мальцева РИА Новостиге.

Сонымен қатар шие құрамында күшті антиоксидант болатын антоцианиндер көп. Олар организмдегі тіндерінің дамуына жол бермей, профилактикалық функция міндетін атқарады.

Шие қант диабетінің пайда болуына жол бермейді және сол аурумен ауыратын адамдарда қант деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл жидекті жүрек-тамыр аурулары бар адамдарға күнделікті жеп отыру ұсынылады. Мұның бәрі шиенің құрамында калийдің көп болуына байланысты, ол жүрек бұлшықетін күшейтеді және импульсті қалыпқа келтіреді. Ал жидектер құрамына кіретін кумариндер қан ұюының алдын алады, тромбтың пайда болу қаупін азайтады. Тәтті шие жемістеріндегі С витаминінің көп мөлшері иммунитеттің жоғары деңгейін сақтайды.

Шиенің сары және ақ сорттары әсіресе асқазан-ішек жолдарының аурулары, бүйрек, қалқанша безінің проблемалары және дисбиоз үшін пайдалы. Жөтел кезінде кептірілген шие жемісінің тұнбалары өте жақсы көмектеседі.

Балаларға шиені 1,5 жастан беруге болады. Оның өзінде көп емес, күніне 1-2 жидектен берсе болады. Оның өзінде баланың аллергиясы бола ма болмайды ма соған қарау керек. Егер аллергиялық реакция беретін болса (қызыл дақтар, бөртпе) жидекті беруді доғарған дұрыс. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда үш жастан асқан балаға күніне 150 грамм шие беруге болады. Ал ересек адамдарға күніне 300 грамм жеу керек. Қандай пайдалы тағам, жидек болмасын өз мөлшерімен тұтынған жөн.



Өзгелердің жаңалығы