Өзбекстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

4 Шілде 2021, 05:45
2711
Бөлісу:
Өзбекстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда бірнеше әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылды. Бұл туралы елдің Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәлімдемесінде айтылған.

Әлеуметтік желілерді пайдалану Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шектелгені хабарланды. 2 шілдеден бастап олар анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін «Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізіміне» енеді.

Әзірге қай әлеуметтік желі екені белгісіз, бірақ қолданушылар Twitter, TikTok және ВКонтакте, сондай-ақ Skype жұмысында қиындықтар болғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы